Қор стипендиаты Дильназ Қазиханова: «Еңбек бәрін жеңбек»
Ақтөбенің тумасы Дильназ Қазиханова Алматыдағы «Тұран» университетінде «Актерлік шеберлік» мамандығы бойынша білім алып жүр. Бала кезінен актриса болуды армандаған 3-курс студенті түрлі музыкалық аспапта ойнап, ән айтады, тіпті 8 жыл бойы бимен айналысқан. Мектепті үздік белгімен бітірген.
«Қамқорлық» КҚ «Қазақстан халқына» ҚҚ-ның арнайы сыйлығымен марапатталды
Астанада қайырымдылықты дамытуға және әлеуметтік жобаларды іске асыруға зор үлес қосқан адамдар мен ұйымдарды тану мақсатында «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры тағайындаған арнайы сыйлықтарды салтанатты табыстау рәсімі өтті.
Қор сыйлығына үміткерлер байқауының мерзімі ұзартылды
Үміткерлердің көптеген өтінішімен ұйымдастыру комитеті Нұрсұлтан Назарбаев Қорының республикалық сыйлықтар байқауына өтінім қабылдау мерзімін 2025 жылдың 15 сәуіріне дейін ұзарту туралы шешім қабылдағанын хабарлаймыз.
Қор стипендиаты Оқида Таймуратова: Стипендия жаңа мүмкіндіктер ашып, өзін-өзі дамытуға ынталандырады
Қор стипендиатының бірі Оқида Таймуратованың қызығушылығы студенттік өмірмен, университет аясымен ғана шектелмейді. Ол Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Биология пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша оқып жатыр.
«ULTTYQ QAZYNA» экскурсиялық жобасы аясында «DALA OIYNDARY» мастер-класы өткізілді
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында №77 Ф. Оңғарсынова атындағы мектеп-гимназияның оқушыларына арналған «ULTTYQ QAZYNA» экскурсиялық жобасы аясында «DALA OIYNDARY» мастер-класы өтті.
Қор стипендиаты Ыбырай Өмірзақов: Қиындыққа тап болғанда біз өсіп, дамимыз
Жақында біз кезекті студенттік шәкіртақылар байқауын қорытындылаймыз. Әзірге, бұған дейін оның иесі атанған жанды таныстырамыз. Бүгін М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің «Қаржы» мамандығы бойынша білім алып жатқан Ыбырай Өмірзақовпен таныс болыңыздар.
«El Umiti» білім беру гранттарын студенттер мен оқушылар иеленді
Астанада жыл сайынғы «El Umiti» премиясы өтті. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі ең үздік студенттер мен оқушылар бірнеше ай бойы еңбек еткен әлеуметтік жобаларын таныстырды. Премия жеңімпаздары 500 000-нан 2 000 000 теңгеге дейінгі көлемде білім беру грантын алды.
Қазақстанда сапалы оңалту одан сайын қолжетімді бола түсті
Қызылорда облысы Жаңақорған ауылында Жаңақорған көпсалалы орталық аудандық ауруханасының базасында алғашқы «Қамқорлық» ауылдық оңалту орталығы ашылды. Бұл «QH Аудандық оңалту орталықтары» жобасының алғашқы орталығы, оны «Қазақстан халқына» ҚҚ мен және «Қамқорлық» КҚ ашқан.
Қор стипендиаты Балқия Жаңбыршинова: Жас артистердің, ғалымдардың, инженерлердің армандарының орындалуы өте маңызды
Балқия Жаңбыршинова Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесін Майра Шавкатқызы Қадырованың сыныбы бойынша бітірген. Нұрсұлтан Назарбаев Қорының атаулы студенттік шәкіртақысының иегері. Қордың гранттық бағдарламасының қолдауымен түрлі халықаралық байқауға қатысты. Сондай-ақ, Ваганова атындағы орыс балет академиясында педагог И.А.Ситникованың сыныбында біліктілігін арттырды.
Қордың стипендиаты Әсемай Пердебай: Әрбір қиындық дамуға жол ашады
Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиаты Әсемай Пердебай Халықаралық білім беру корпорациясында жалпы құрылыс факультетінде 4 курсында оқиды. 20 жастағы бойжеткеннің мамандығы «Ғимараттар мен құрылыстарды есептеу және жобалау».
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық акциясына қатысты
Қор халықтың әлеуметтік осал санатына жататын 100 отбасына сөмкелер мен мектепке қажетті құрал-жабдықтарды сыйға тартты.
Қор стипендиаты Ұлданай Шоңай: Байқау - шеберлігіңді сынау мен бағалаудағы керемет мүмкіндік
Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиаты Ұлданай Шоңай Маңғыстау өнер колледжінде “Оркестр артисі, балалар музыка мектебінің оқытушысы” мамандығында “Прима қобыз” аспабында оқиды. Бойжеткен бос уақытында шығармашылықпен айналысады. Тоқыма тоқып, кітап оқиды. Колледжде оқып жүріп, республикалық "Қобызшылар чемпионаты" сайысынан І орын алған.
Қор стипендиаты Жансая Қамашева: «Өзіңізге сеніп, мүмкіндігіңізге ешқашан күмәнданбаңыз. Қалаған нәрсеңізге қол жеткізе аласыз»
Жансая Қамашева – Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиаты. 20 жастағы бойжеткен Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының (ҚазБСҚА) «Құрылыстағы экономика және менеджмент» мамандығында 3 курста оқиды.
Экоактивисты из Талдыкоргана разработали приложение для смартфонов Jasyl Bolashaq
Қазақстанда экологиялық сауаттылықты арттыруға бағытталған мобильді қосымша пайда болды. Технологиялық өнім арқылы пайдаланушылар пайдалы ақпарат, контактілерді және қоршаған ортаны қорғау тақырыптары бойынша материалдарды таба алатын көп функциялы, инклюзивті ортаны ұсынады. Қосымша көру қабілеті нашар және зағип жандарға да қолжетімді.
Нұрсұлтан Назарбаев Қорында жас ғалымдар мен шығармашылық қызметкерлерге арналған байқау басталды
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жас ғалымдар мен мәдениет және өнер қайраткерлеріне арналған сыйлық тағайындау жөніндегі республикалық байқауға өтінім қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.
«Qolqanat» қайырымдылық акциясы аясында 1000 отбасына көмек көрсетілді
Қазақстанның 11 өңірінен көпбалалы және аз қамтылған 1000 отбасыға «Qolqanat» қайырымдылық акциясы аясында көмек көрсетілді. Әрбір отбасы азық-түлік жиынтықтары мен қажетті тауарлар алды.
Нұрбек Халматай: Қор стипендиясы – бұл ғылыми-зерттеу жобаларына қатысуға шабыт береді
Нұрбек Халматай Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың «Computer Science» мамандығында оқиды. Біздің стипендиат ІТ, Data Science және Machine learning, генеративті жасанды интеллект саласына қызығады, сонымен қатар спорттық бағдарламалаумен айналысады.
Қордың стипендиаты Аружан Маратова: Арманыңызға сеніңіз!
Аружан Маратова М.Төлебаев атындағы музыка училищесінде 3-курста «Халық көркем шығармашылығы – көркемөнерпаздар хореографиялық ұжымының жетекшісі» мамандығы бойынша оқиды. Бойжеткен хореографиямен бірге фотографиямен, бейнемонтажбен айналысып, саяхаттап, әлемді танып біледі.
Ақмола облысында «El Umiti-2024» лагерінің тренингтері мен шеберлік дәрістері басталды
17 маусымда Ақмола облысының Зеренді ауылында орналасқан «Сұңқар» сауықтыру кешенінде «El Umiti-2024» жазғы білім беру лагері салтанатты түрде ашылды. Іс-шараға Н.Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлы, «El Umiti» Корпоративтік қорының басшысы Асланбек Әмрин, Зеренді ауданы әкімінің орынбасары Жүсіпов Қанат Амантайұлы және Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Оразалин Шоқан Жетпісбайұлы қатысты.
Алматыда тәуелсіз Қазақстан тарихының бетбұрыс кезеңдеріне арналған дөңгелек үстелдер сериясы өтіп жатыр
Алматыда «Халықаралық әлеуметтану және саясат институты» қоғамдық қоры 1993 жылғы Конституциядан 1995 жылғы Конституцияға көшуге, оны әзірлеуге, қабылдауға және дамытуға арналған дөңгелек үстел өткізді.