news-img

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры жанындағы ғылым және мәдениет бойынша кеңестер, Қордың Сыйлықтарын беруге 2018 жылға арналған байқаудың қорытындыларын шығарып, отырыстар өткізді. 

 

Естеріңізге сала кетейік, 2018ж. 17 қазаны мен 30 желтоқсаны аралығында Тұңғыш Президент Қоры жас ғалымдар мен шығармашылық қайраткерлерінен «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры Сыйлығының Лауреаты» айтулы атағын тағайындау бойынша дәстүрлі байқауға қатысу үшін өтінімдер қабылдаған болатын.

 

Барлық Қазақстаннан байқауға өзінің ғылыми-зерттеу және шығармашылық қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген 60-тан астам жас ғалымдар мен 50-ден аса мәдениет қайраткерлері қатысты. Және олардың ішінде 18-і ғана байқау комиссиясының жұмысының қорытындылары бойынша жоғары баға алды.

 

— 2018 жылы ғылым мен техника саласындағы байқау жұмыстарын бағалау кезінде біз алғаш рет олардың халықаралық танылу көрсеткіштерін енгіздік, олар, дәстүрлі критеийлермен, Қазақстан Республикасы үшін өзектілігімен, зерттеу жүргізудің әлемдік деңгейіне сәйкестілігімен, өнеркәсіпке енгізілген әзірлемелердің болуымен қатар, ғылыми идеяларын қазірдің өзінде отандық ғылымдағы инновациялық жаңалық деп батыл айтуға келетін байқау Лауреаттарын анықтауға мүмкіндік берді,- деді байқау қорытындыларын шығара отырып, химия ғылымдарының докторы, профессор, Қор жанындағы ғылым бойынша Кеңес төрағасының орынбасары  Дмитрий Корулькин.     

 

Үздік жас ғалымдар мен мәдениет және өнер қайраткерлерінің есімдері, Астана қаласындағы Назарбаев орталығында өтетін ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының Сыйлығын салтанатты табыстау рәсімінде белгілі болады. Салтанатты рәсімнің өткізілу күнін қосымша хабарлаймыз.

 

ҚР Тұңғыш Президент Қорының баспасөз қызметі

PR-менеджер Артур Жумашев

+7 (727) 220-92-16, +7 (708) 960-56-13

a.zhumashev@fpp.kz, www.fpp.kz

Фото: Виталий Ткач

Медиа жаңалықтар
Түсініктеме қалдыру