news-img

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры әлеуметтік идеялар мен жобалардың кезекті республикалық байқауына қатысуға ҮЕҰ өтінімдер қабылдауды жариялады. Биылғы жылы байқау «Zamannyn` zerdeli jastary — vision of the future» тақырыбында өтпек.

 

Байқау тұжырымдамасының негізіне Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында жарияланған тақырыптық бағыттар арқау болды.

 

Байқаудың мақсаты - азаматтық қоғамды дамыту, ҮЕҰ өзекті әлеуметтік міндеттерді шешуге тарту және одан әрі start-up қаржыландыру үшін азаматтық бастамаларды қолдау.

 

Биылғы жылдың байқауы үш номинация бойынша өтеді:

 

• «STEP – 7» немесе «Болашақ өркениетке жеті қадам» 

• «Аман келешек жанымызда

• «Тұлпар – Болашак»

 

Әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауы - 10 жылдан аса жүзеге асырылып келе жатқан Тұңғыш Президент Қорының дәстүрлі жобасы. Осы уақыт ішінде ҮЕҰ-дан берілген өтінімдер саны екі мыңға жуық, ал Тұңғыш Президент Қорының грантын алған жеңімпазда саны 300 әлеуметтік жобаға жеткен. Жыл сайын байқау тақырыбы елімізде және дүние жүзінде шешіліп жатқан өзекті мәселелер мен проблемалармен анықталады.

 

Қазақстандық ҮЕҰ-ды «Zamannyn` zerdeli jastary — vision of the future» әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауына қатысуға шақырамыз.

 

Өтінімдер беру мерзімі 2019ж. 15 наурызына дейін.

 

Байқау туралы ережемен толғырақ біздің www.fpp.kz сайтымыздан «Байқаулар» бөлімінен танысуға болады http://presidentfoundation.kz/competitions/%D0%BA%D0%BE%D0%BD%D0%BA%D1%83%D1%80%D1%81-%D1%81%D0%BE%D1%86%D0%B8%D0%B0%D0%BB%D1%8C%D0%BD%D1%8B%D1%85-%D0%B8%D0%B4%D0%B5%D0%B9-%D0%B8-%D0%BF%D1%80%D0%BE%D0%B5%D0%BA%D1%82%D0%BE%D0%B2-2019/.

 

ҚР Тұңғыш Президент Қорының баспасөз қызметі

PR-менеджер Артур Жумашев

+7 (727) 220-92-16, +7 (708) 960-56-13

a.zhumashev@fpp.kz, www.fpp.kz

Медиа жаңалықтар
Түсініктеме қалдыру