news-img

«The Planet of ART – 2019» Халықаралық фестиваль-конкурсы 12-ден 17 жас шамасына дейінгі Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстанның талантты жастарының шығармашылық потенциалын ашу үшін тағы да есігін ашады.

 

Фестиваль-конкурс үш номинация бойынша өтеді: вокал, аспаптық музыка және хореография.

 

Қазақстандағы Жастар жылын тойлауға және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілетуге арналған «The Planet of ART – 2019», Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясымен және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорымен ұйымдастырылған. 

 

Жоба әлеуметтік сипатқа ие және дарынды жас орындаушыларды, олардың шығармашылық потенциалын жүзеге асыру үшін және балалар шығармашылығын көрсету арқылы халықаралық аренада қатысушы елдердің мәдениеттерінің алуан түрлілігін дәріптеу үшін қолдау көрсетеді.

 

 «The Planet of ART – 2019»-ға барлық Қазақстаннан және көршілес мемлекеттерден 3500-ден астам балалар қатысады деп күтілуде.

 

Конкурстық іріктеудің қорытындылары бойынша, ең дарынды қатысушыларға өз жұлдыздарын жағуға және өнер саласындағы көрнекті мэтрлардан тәжірибе алуға мүмкіндік туады.

 

Фестиваль-конкурстың финалистері 2019ж. Алматыға шақырылып, онда оларға өнер саласындағы ең үздік ұстаздардан тренингтер мен шеберлік-сабақтарын өту, Қазақстанның ұлттық мәдениетімен танысу, өз мәдениетін таныстыру және әр түрлі елдерден достар табу мүмкіндігі беріледі.

 

Фестиваль - конкурс ҚР Еңбек сіңірген қайраткері А.В.Беляковтың жетекшілігімен Алматы қ. эстрада-симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен және еліміздің көрнекті өнер қайраткерлерінің қатысуымен өтетін Гала-концертпен аяқталады.

 

 «The Planet of ART-2019» жеңімпаздарына Америка мен Еуропа елдеріне мәдени-білім беретін саяхат сыйға тартылады.

 

«The Planet of ART – 2019»-ға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Алматы қ. Әкімшілігі, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері бойынша Ұлттық Комиссиясы, Алматы қ. ЮНЕСКО-ның Кластерлік Бюросы, ЮНЕСКО Клубтары мен Ассоциацияларының Азия - Тынық мұхитты Федерациясы қолдау көрсетеді. 

 

Толық ақпарат пен фестиваль-конкурстың ережесі www.unescoclubs.kz сайтында. Өтінімдер беру мерзімі - 1 мамырға дейін.

 

Естеріңізге сала кетейік, жыл сайын өткізілетін жоба, 1999ж. «Әлем балалары сурет салады» атауымен туындаған болатын. 20 жыл ішінде фестиваль-конкурс 35000-нан астам қатысушыны қамтиды. Жоба бірнеше рет өз шектерін ұлттықтан субаймақтық Орталық-Азилық және аймақтық Азия - Тынық мұхитты деңгейлерге дейін кеңейткен. 2017 жылы жоба жеңімпаздары елімізді халықаралық аренада мақтанышпен таныстырып, ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде (Париж қаласында) өнер көрсетті.

 

ҚР Тұңғыш Президент Қорының баспасөз қызметі

PR-менеджер Артур Жұмашев

+7 (727) 220-92-16, +7 (708) 960-56-13

a.zhumashev@fpp.kzwww.fpp.kz

Түсініктеме қалдыру