news-img

Мейрбандық таныту, мұқтаждар адамдарға көмек көрсету, әрдайым игі іс жасау -  сыйластық пен таңырқауды тудырады.

Дәл осындай жомарт жандар бүгін алғаш рет «Қайырымдылық кереуені» республикалық конкурсының жеңімпаздары атанып, Назарбаев орталығында салтанатты түрде марапатталды. Конкурсты ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры және Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығы ұйымдастырды. «Хабар» және «КТК» телеарналары қолдау білдірді. 

Конкурс қайырымдылық идеясын насихаттауға, азаматтық бастамаларды белсенді дамытуға бағытталған. 

Марапаттау салтанатына ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс пен қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының директоры Дариға Назарбаева, көрнекті қоғам қайраткерлері, ҚР Парламентінің депутаттары, ҮЕҰ өкілдері, меценаттар және т.б. қатысты.

Өтінімдер төрт ай бойына 2018 жылғы қарашадан бастап 2019 жылғы ақпанға дейін еліміздің барлық облыстырынан қабылданды.

Конкурсқа әлеуметтік, қоғамдық проблемалардың шешілуіне өз үлесін қосып жүрген және қайырымдылықпен айналысып, игі істерді атқарып жүрген адамдар қатысты.   

Дариға Назарбаева қоғамның одан әрі дамуы үшін конкурстың қажеттілігін айта келе: «Біздің алғашқы «Қайырымдылық керуенімізге» Қазақстанның түкпір-түкпірінен 97 адам қатысты және бұл тек басы ғана! Біз жеңімпаздарымызды ірі мегаполистерден де, кіші аулдардан да  іздедік. Олар елдің болашағына алаңдайтын, қиын жағдайда қол ұшын созуға дайын қарапайым адамдар. Сіздің есімдеріңізді әр қазақтандық білсін. Сіздерге қарап жастар бой түзесін. Қазіргі қазақстандықтар үшін сіздер сияқты адамгершіліктің бағдарлары болуы - біздің мақсатымыз», - деді.

Конкурс нәтижесінде бес номинация бойынша жеңімпаздар анықталды:

- «Асар» аталымында Қарағанды облысынан келген Сымбат Елікбаева жеңімпаз атанды. Ол терімен жұмыс істейді, ұлттық нақышта зат шығарады. Сымбат үнемі балалар үшін ақысыз шеберлік сабақтарын ұйымдастырады;

- «Туған жер» номинациясында Атырау облысының тумасы Арман Хайруллин жеңіске жетті. Арман табиғатты қорғауға атсалысып жүрген азамат. 2017 жылы Атырау қаласында 10 мың көшет тарату және отырғызу бойынша акция ұйымдастырды. «Жасыл» бастамаларды одан әрі жалғастыру мақсатымен «Атамекен Эко» ҚҚ құрды;

- «Батыл жүрек» номинациясында Ақмола облысының Ұлдана Совет үздік. Жеңімпазымыз 10 жастағы қыз бала. Кішкентай болғанымен 2017 жылғы қарашада жанып жатқан үйден кіші інісі мен екі сіңлісін алып шықты;

- «Мейірім жолында» номинациясында Алматы қ. тұрғыны Расима Темербаева жеңді. Жасы мен денсаулығына қарамастан, қарияларды күнделікті тамақтандырады.  Қазір күніне 400 түскі ас тарататын екі тамақтандыру орны қызмет етеді;

- «Қайырымдылық тарихы» номинациясында Солтүстік Қазақстан облысынан Александра Кондратова үздік. «Неделя СК» газетінде жұмыс істейтін журналист қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға көмек сұрап, ондаған мақала дайындады. БАҚ-та  көптеген мәселелердің көтерілуі арқасында адамдарға нақты көмек көрсетіліп келеді.

«Қайырымдылық керуені» конкурсының жеңімпаздарына диплом, конкурс статуэткасы және «Оқжетпес» емделу-сауықтыру кешеніне жолдама берілді. Ал батыр Ұлданаға қосымша ноутбук сыйланды. 

Сонымен қатар ҚР Тұңғыш Президенті Қоры арнайы екі сый тағайындады. Біріне Равиль Насифулин ие болды. Ол ескі компьютерлік техникадан компьютер, ноутбук құрастырып, қажетті құралдарды сатып алып, кейін оларды жағдайы төмен, көп балалы отбасынан шыққан, ата-ана қамқорынсыз қалған, мүгедек, ауыр ауруларға шалдыққан балаларға сыйлайды.

Келесі сыйлық Сайра Матайбаеваға берілді. 2016 ж. ол 5 млн. теңгеге қайырымдылық көмек көрсетті. 2017 ж. 12 млн. теңгеге көмек жасады. Қазір Қосшы ауылында 200 балаға арналған мектеп тұрғызылып жатыр. Онда әдетті сыныптардан өзге, ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын, түрлі үйірмелер жүргізетін 12 кабинет ашылады.

Равиль мен Сайраға да диплом, конкурс статуэткасы және «Оқжетпес» емделу-сауықтыру кешеніне жолдама сыйланды.

«Қайырымдылық керуені» еліміздің жаны жайсаң, жүрегі жылы жандарды анықтауға мүмкіндік берді. Бұл конкурсты жыл сайын өткізу жоспарда бар.

 

Медиа жаңалықтар
Түсініктеме қалдыру