news-img

Бүгін Astana IT University-де ғылым қызметкерлері күніне және «AITUHackday: Creative industry» хакатонынын қорытындылауға арналған салтанатты іс-шара өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, Astana IT University, British Council және «KazDream Technologies» ЖШС ұйымдастырған хакатон цифрлық сервистер мен жобалардың әзірлеушілері үшін өткізілді.

 

8 сәуір – қатысушылардың жобасы қаралып, финалистер іріктелді.

 

9 сәуір – қазылар алқасының алдында финалистер жобасын қорғады.

 

«AITUHackday: Creative industry хакатонын ұйымдастыруда Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Astana IT University білім ордасының серіктестігін ерекше атауға болады. Хакатонның колледж бен жоғары оқу орындары студенттерінен құралған 157 команданың назарын аударғаны қуантады. Әр команда киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету, білім беру технологияларын қолдану саласындағы ерекше тәсілдерді көрсетіп, қызықты идеялар мен өнімдерді ұсынды», - деді Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов.

 

Хакатонның жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

 

Cybersecurity тақырыбы бойынша:

 

Бірінші орынды Unknown Impact жобасы, авторлары Зуфар Идоятов, Мұхамбет Назаров, Әлібек Ахметов, Бекжан Дәрменов (Astana IT University) және Әбдіжәмит Исламның (ҚазҰУ) жобасы өзара бөлісті.

 

Екінші орын Cyber_hacks жобасына берілді, авторлары Кадринов Дәулет, Қуандық Мадияр, Мейрамғалиев Темірлан және Ибағали Азамат (Astana IT University).

 

Po EdTech тақырыбы:

 

Бірінші орынды RID жобасы, әзірлеушілер Шүкірәлиев Данияр, Керімбек Иманғали, Әбдірахманов Ренат және Сапан Қапизов (Astana IT University) және Коргия - Орел Даниилдің (Назарбаев Университеті) жобасы өзара бөлісті.

 

Екінші орынды Moonlight әзірлемесі алды, авторлары Амангелдиева Жұлдыз, Оразәлі Мерей, Мағаданов Бекдәулет және Ұйқас Олжас (Astana IT University).

 

Үшінші орынды EduDaleko жобасы иеленді, әзірлеушілер Жақсылық Томирис, Әлия Измаилова, Қасымхан Сүндетбай және Әйгерім Қапашева (Astana IT University)

 

«Болашақ хакатоны» тапсырмасында Artillegence жобасын қорғаған Қалдыбекова Әнел мен Сәлім Тоғжан (ХАТУ) және Modern Alash жобасын паш еткен Мұратбеков Елназ, Мейрамбекұлы Ерзат, Тоғманов Мұхамед және Разақов Абай (Astana IT University) үздік атанды.

           

Түсініктеме қалдыру