news-img

Белгілі қазақстандық шахматшы, бірнеше дүркін әлем чемпионы Динара Сәдуақасова Атырау қаласының оқушыларымен бір уақытта бірнеше ойын өткізді.

 

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры дарынды балаларды қолдау, ойынды насихаттау, өскелең ұрпақтың шахматқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында мектеп оқушыларымен кездесу ұйымдастырады.

 

Айта кетейік, 2019 жылы Атырау қаласында Динара Сәдуақасованың шахмат академиясы ашылған. 2 жыл ішінде мұнда қалалық және республикалық турнирлердің чемпионы атанған 800-ден астам шахматшы оқыды. Академия балалардың әлеуетін ашуға, ерекше ойлауға, оң шешім қабылдауға үйретеді.

Түсініктеме қалдыру