news-img

Алматыда «ETU Robocon 2021» жоғары оқу орындары арасында робототехникадан ІІ республикалық чемпионат аяқталды. Роботтар жарысын Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, Еуразия технологиялық университеті және TMK Development Group компаниясы ұйымдастырды.

Іс-шара  ҚР Тұңғыш Президенті күні және Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай және «Цифрлы Қазақстан» және «Рухани жаңғыру»  бағдарламаларын дамыту және іске асыру аясында өткізілді.

Чемпионаттың салтанатты ашылуы рәсіміне Алматы қаласындағы Нұрсұлтан Назарбаев Қоры өкілдігінің директоры Сергей Тоқтаров, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Электрондық индустрияны дамыту департаментінің директоры Жәнібек Мұхамеджанов және «ABU Robocon» бас хатшысының орынбасары Арай Томохиса жас конструкторларға арнап сөз сөйледі.

Бұл Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында робототехникадан республикалық деңгейдегі екінші чемпионат. Жоба өсіп, оның өз тарихы жазылып жатыр. Студент жастардың, серіктестердің және қазақстандық робототехниканың дамуына бей-жай қарамайтын әрбір адамның біздің чемпионатқа қызығушылығы артып жатқанына шын жүректен қуаныштымыз, – деді Сергей Тоқтаров.

Сонымен қатар, Алматыдағы Нұрсұлтан Назарбаев Қоры өкілдігінің жетекшісі «Өскелең ұрпаққа үлгі-өнегесі мен күнделікті еңбегімен үлгі-өнеге беріп, жоғары оқу орындарының қабырғасында робототехниканы дамытуға ынталандырып, көмектесіп жүрген ұстаздарға» алғысын білдірді.

Өз кезегінде «ETU Robocon 2021» ұйымдастыру комитетінің төрағасы Медет Тұрғамбаев: «Бұл чемпионат Қазақстанда шамамен 2023-2024 жылдары өткізуді жоспарланған әлемге әйгілі ABU Robocon халықаралық чемпионатын ұйымдастыру және өткізудің алғы шарты болып есептеледі. Сол кезде 30-дан астам елден қатысушыларды келеді», – деп атап өтті.

«ABU Robocon» коммерциялық емес кәсіби ассоциациясының өкілі Арай Томохиса қазақстандық студенттерді келесі жылы Үндістанда өтетін «ABU Robocon» халықаралық чемпионатына шақырды.

 Қазір жаңа идеялар мен жетістіктердің уақыты. Қандай робот жасағыңыз келетінін, қандай идеяларды жүзеге асырғыңыз келетінін мұқият ойластырып, өзіңіздің ерекше роботыңызды жасауға тырысқандарыңызды қалаймын. Қызықты робот жинап, бәсекелестеріңге ой салыңыз. Біз Үндістанда кездесуді асыға күтеміз, – деп қосты Жапониядан келген чемпионат қонағы.

Естеріңізге сала кетейік, биыл «ETU Robocon 2021» көрмесіне Нұр-Сұлтан, Алматы, Қызылорда, Павлодар, Өскемен және Алматы облыстарынан студенттерден құралған 13 команда қатысты.

Чемпионатқа дейін жас дизайнерлер өз университеттерінің базасында тәлімгерлердің көмегімен әрқайсысы екі робот құрастырды: автоматтандырылған және басқарылатын. Оларға 6-8 ай қажет болды. Біріншісінің міндеті – экспромттық планетаға «зымыран» жіберу, ал екіншісі белгілі бір траектория бойынша қозғалып және тесікке шарларды тиеу керек.

Айта кетейік, барлық робот картон, пластик, металл, батарея,  арқан секілді және т.б. заттардан нөлден бастап құрастырылған. Мұндай қатысушылардың қиялына шектеу жоқ. Бастысы шарт – құрылғы Arduino платформасында жұмыс істеуі керек. Бұл өзінің процессоры мен жадысы бар шағын тақта. Барлық қажетті параметрлері бар, алдын ала жазылған бағдарлама процессорға жүктеледі, сол арқылы робот басқарылады.

Барлық шара «Almaty Arena» мұз сарайында арнайы жабдықталған ойын алаңында өтті.

Сайын қорытындысы бойынша мына оқу орындары жеңімпаз және жүлдегер атанды:

• I орын Сүлеймен Демерель атындағы университет (Алматы облысы);

• II орын Қазақ-Америка университеті (Өскемен);

• III орын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы).

Байқау жеңімпаздары 3D принтер, квадрокоптер, ноутбук түріндегі бағалы сыйлықтармен марапатталды және Еуразия технологиялық университетінде оқуға жеңілдіктер және гранттарға ие болды.

Іс-шара санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып өткізілді.

Алматыдағы Нұрсұлтан Назарбаев Қорының өкілдігі

PR-менеджер Артур Жумашев

pr.zhumashev@gmail.com

+7 708 960 56 13

Түсініктеме қалдыру