news-img

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры шәкіртақы тағайындау байқауына студенттерден өтініш қабылдауды жалғастырып жатыр. Естеріңізге сала кетейік, байқау талаптары www.fnn.kz сайтында жарияланған. Ал әзірге Қор стипендиясын жеңіп алған қазақстандық талантты жастармен таныстыруды жалғастырамыз. Бүгін назарларыңызға академик Е.А.Букетов атындағы Қарағанды университетінің «Шетел филологиясы» (қытай тілі)» мамандығының 3 курс студенті Камила Тұрдыбеков жайлы мәліметтерді ұсынамыз!

Камила ағылшын тілі мен француз тіліне басымдық беретін мектепті «Алтын белгіге» бітірген. Қазір ол қытай тілін үздіксіз үйреніп жүр. Қытай тіліндегі «Мост китайского языка», «В облака шёлкового пути», каллиграфия, жалпы университет ішіндегі «Декламации назидательных слов», Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған байқауларға қатысып, білімін шыңдап келеді. Ғылыми мақалаларын қазақ, орыс, ағылшын, қытай тілдерінде жариялап тұрады.

Кәмила академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша ҚХР Шихэцзы университетінде (күндізгі) және ҚХР Шеньян педагогикалық университетінде (қашықтан) оқыды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры шәкіртақы тағайындайтын байқауда жеңімпаз болуым мен үшін айтарлықтай маңызды оқиға болды. Осы жетістігім – табанды түрде еңбектенуімнің нәтижесі болып саналады. Бұл отан алдындағы үлкен жауапкершілік. Себебі степендия иегерлеріне еліміздің жарқын болашағына сенгендей үміт артып отыр. Бұдан былай, мен байқаудың әрбір қатысушысы секілді үмітті ақтауға тырысамын, – дейді Кәмила Тұрдыбекова.

Шәкіртақы иегері замандастарына, өздеріне шынымен ұнайтын іспен шұғылдануға кеңес берді.

Кез келген істе жетістікке оған толықтай өзіңді арнау арқылы жетуге болады. Мотивациядан бөлек, көңіл-күйің қандай болса да, сізді жұмыс істеуге, алға ұмтылуға жетелейтін тәртіп болуы керек, –  дейді талантты жас.

Түсініктеме қалдыру