news-img

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жас ғалымдарды және зерттеушілерді республикалық «Science Slam – Қазақстан» байқауына қатысуға шақырады. Байқау 2021 жылдың 8-10 қыркүйегінде Алматыда «Тәуелсіз Қазақстанның интеллектуалды потенциалы: даму мен қалыптасуға 30 жыл» І халықаралық ғылым форумы аясында өткізіледі.

Жобаның мақсаты – жас ғалымдардың қазіргі замандағы ғылыми идеялары мен өзіндік ғылыми зерттеулері жайлы бесресми форматта айтып беруіне негізделген. Әрбір қатысушының  сөйлеуіне 10 минут уақыт беріледі. Осы уақытта олар түсінікті әрі қызықты тілмен өз идеяларын немесе ғылыми жобасы туралы әңгімелеп беруі керек.

Science Slam – бұл – 2006 жылы Германияда негізі қаланған ғылымды танымал етуге арналған халықаралық жоба. Бұл ғылыми ақпараттарды ерекше және жарқын  форматта көрсету. Германияда танымал болған жобаның іс-шаралары Австрия, Швеция, Ресей, Қазақстанда өтеді.

Еліміздің түкпір-түкпіріндегі жас ғалымдарды өздерінің ғылыми зерттеулері жайлы қарапайым түсінікті тілде сахнада айтып беру үшін «Science Slam – Казахстан» байқауына қатысуға шақырамыз!

Мұнда күрделі ғылыми терминдерді, түсініксіз слайдтарды және іс пыстыратын  университетішілік аудиторияға жол жоқ. Сахнаға тек айтары және ерекше идеясы бар, аудиторияны өзіне қарата алатын қатысушылар шығады.

Байқау 2021 жылдың 10 қыркүйегінде Алматы қаласындағы Нұрсұлтан Назарбаев Қорының ғимаратында өтеді.

Өтініштерді қабылдау 2021 жылдың 15 тамызына дейін жалғасады.

«Science Slam» жайлы білгілеріңіз келсе, төмендегі сілтемені басыңыз:

https://www.youtube.com/playlist?list=PLSyUEbqK6uQRMUcPZgDo8XRx22JHu0p93

Байқау ережелері жайлы мына файлдан қарауға болады.

Жаңалық материалдары
Түсініктеме қалдыру