«Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы»
Толығырақ
«Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады»
Толығырақ
«Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны»
Толығырақ
«Менің Ұлт Көшбасшысы ретіндегі мақсатым – Қазақстанды болашақ ұрпақ мақтана алатындай деңгейге көтеру»
Толығырақ
news-img

Әділет «Тұран» университетінде «экономика» мамандығының 2 курс магистрі. Мектеп қабырғасында ол «Тұран-Джуниор» ғылыми жобалар байқауына қатысып, білімін жалғастыруға жеңілдік ұтып алған. Ал оқуға түскенде «Ректор гранты» байқауында 2 орын иеленді. Университетте алғашқы күннен бастап Әділет Телғожаев топ белсендісі әрі академиялық топтың старостасы атанды. 

- Староста ретінде студенттік кеңестің мүшесі болдым, мені ресми студенттік өмір қызықтырды. Белсенділер тобымен бірлесіп, сан түрлі іс-шараны ұйымдастырдық әрі қатыстық. Мысалы, «Enactus Turan» командасында мен маркетинг жөніндегі вице-президент болып сайланып, БҰҰ мақсаттарына жетуге мұрындық болған жобаларды іске асыруға атсалыстым. «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттіктің» байқауын жеңіп, Сингапурде технологиялық кәсіпкерлікті оқуды ұтып алдық. Адамның мүмкіндігі шексіз ғой, міндетті түрде өзіңнің күшіңді бағамдап, жаңа білім мен дағдыларды игеру қажет деп санаймын, - дейді Әділет Телғожаев.

Әділет биыл ғылыми-педагогикалық магистратураны тәмамдайды, оқу барысында ол ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жетті. Соның бірі «Болашақтың ғалымдары» студенттердің үздік ғылыми жобалары байқауындағы жеңіс. Оның «Бизнес-инкубатор ҚР шағын кәсіпкерлікті дамытудың драйвері ретінде» деген мақаласы Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ұйымдастырған «Назарбаев моделі» - Қазақстанның ХХІ ғасырдың сын-қатерлеріне стратегиялық жауабы» атты жас ғалымдардың халықаралық форумының жинағында жарық көрді. 

Бұған қоса, дарынды студент «Экономика мен қоғамды цифрландыру: жас зерттеушілердің үлесі» атты «Жас Тұран-2020» жас ғалымдардың II республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясында үздік ғылыми баяндамасы үшін марапатталды. Ал биыл көктемде стипендиаттың бастамасымен Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Армения, Беларуссия, Сирия және Ауғанстан университеттерінің студенттері мен түлектері қатысқан Case4Success халықаралық кейс-чемпионаты ұйымдастырылды.

Әділет Телғожаев мемлекеттің экономикалық һәм әлеуметтік дамуының басты драйвері заманауи жастар екеніне бек сенімді әрі оны өзінің қарым-қабілетімен дәлелдеп келеді.

Түсініктеме қалдыру