news-img

Азықтүлік және қайта өңдеу өнеркәсібіндегі инновациялық технологиялар, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығының өзекті мәселелері, агроинженериядағы заманауи сандық технологиялар - бұл және тағы басқалар 6 желтоқсан күні Тұңғыш Президент Қорының қолдауымен өткен "Жас ғалымдар диалогы" халықаралық форумының пікірталас тақырыбына айналды.

Панельдік сессия жұмысына Қазақстан, Беларусь, Ресей және Өзбекстанның жас ғалымдары қатысты. Олар ауыл шаруашылығын цифрландыру, агроинженерия, жер ресурстарын басқару бойынша баяндамалар жасады, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы, ветеринарлық медицина, азық-түлік және азық-түлік қауіпсіздігі, акваөсіру және тағы басқа көптеген салалардағы өзекті мәселелерді талқылады.

 

Жас ғалымдар форумы Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің қабырғасында өтті. Оны ашқан Елбасы Қоры жанындағы Ғылым жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Сухраб Жапаров былай деді: “Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның дамуындағы жастардың рөлін ерекше атап өтті. Бұл ел өмірінің барлық салаларына– ғылым, мәдениет, инновация, экономика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп саласына қатысты. Жас ғалымдардың бірігуі және олардың ғылыми салаға кірігуі ұлттық басымдықтарда, адамгершілік құндылықтар мен ұрпақтар сабақтастығында тәрбиеленген жоғары білікті мамандарды даярлаудың негізі болып табылады».

 

Агроөнеркәсіп кешенінің бәсекеге қабілеттілігі үшін цифрландырудың маңыздылығын ҚазҰАУ жас ғалымдар Кеңесінің төрағасы Бекзат Төрегелдиев атап өтті

АӨК диджитализациясы - бұл сөзсіз процесс, ол: қауіптерді төмендетуге, климаттың өзгеруіне бейімделуге, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін және жануарлардың өнімділігін арттыруға, дала жұмыстарын уақтылы жоспарлауға мүмкіндік береді.

 

Ғалымдар сондай-ақ, ресурстарды тиімді пайдалану және ғылыми негізделген тәсілдер негізінде өнім өндіруге жұмсалатын шығындарды азайту, оның сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруАуыл шаруашылығын цифрландырудың басты міндеті.

 

ҚР Тұңғыш ПрезидентіЕлбасы Қорының

баспасөз қызметі

PR-менеджер Жумашев Артур

+7 708 960 56 13, a.zhumashev@fpp.kz

www.fpp.kz

Медиа жаңалықтар
Түсініктеме қалдыру