news-img

Нұр-Сұлтан қаласында Astana Innovations Challenge қамқорлығымен стартап жобалардың ұлттық байқауы аяқталды.

Конкурсты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры қолдауымен  Astana Innovations және Seedstars халықаралық бизнес-акселераторы ұйымдастырды.

Екі күн бойы конкурсқа қатысушылар – бастаушы кәсіпкерлер шетелдік, жергілікті тәлімгерлердің білім беру сессияларына қатысып өздерінің инновациялық жобаларын ұсынды.

Мұндай жобаларды қолдау мен дамытудың маңыздылығын ҚР Тұңғыш Президенті Қорының атқарушы директоры Әсет Исекешев былай деп атап өтті: «Бұл ұлттық конкурстың маңызды ерекшелігі, ол- Seeds World Tour жаһандық жобасының бір бөлігі. Конкурсқа қатысушылар Еуропа және Орталық Азия елдерінің 70 мыңға жуық кәсіпорындарын қамтитын желінің бөлігі болды. Біздің конкурсқа қатысушылар өз идеяларын әлемдік деңгейде ұсынуға мүмкіндік алды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Қоры бұдан әрі де осындай жобаларға, сондай-ақ Seedstars Nur-Sultan орталығының қызметіне қолдау көрсетеді».

Екі күн шеберлік-сабағы мен бизнес идеяларды таныстырудан кейінгі қорытындылар бойынша 11 финалист анықталды. Бұл үздік конкурсқа қатысушылар арасынан ұлттық стартап жобалар конкурсының жеңімпаздар үштігі анықталды. Елбасы Қорының атынан арнайы жүлде берілді.

1 орынды «Biometric» жоба иеленді. (Терминал аладында адам бетін құжатта көрсетілген тұлғамен салыстыруға, құжат деректері және әлеуметтік желілердің және т.б. деректердің негізінде скоринг жүргізуге арналған адамды биометриялық сәйкестендіру терминалы).

2 орынды балаларға арналған «Окоо» онлайн білім беру платформасы алды. Бұл курсты әрбір студентке сай дербестендіруге мүмкіндік беретін жүйе.

3 орын «DotBot» – клиенттердің сұрақтарына жауап бере отырып, колл-орталық функциясын орындайтын жасанды интеллектте. Сонымен бірге ол әлеуметтік желілердегі деректерді жиинап олардың негізінде дербестендірілген контент жасайды.

«Biometric»  Growth Program үш айлық бағдарламасының қатысушысы болады және басты жүлде- жарты миллион доллар үшін сайысады. Сонымен қатар, барлық жеңімпаздар өз идеяларын инвесторларға көрсету және тәлімгерлер мен кәсіпкерлер желісіне кең қолжетімдік алу мүмкіндігіне ие болады.

Түсініктеме қалдыру