news-img

АЛМАТЫ. ТПҚ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ – 29 қаңтарда Алматыда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры "Кибербуллингтің алдын алу" тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді: педагогтарға, мектеп оқушылары мен ата-аналарға арналған ұсынымдар мен құралдар". Іс-шараның серіктестері Еуразия технологиялық университеті, БҰҰ Ақпараттық Бюросы және Алматы қаласының білім басқармасы болды.

 

Дөңгелек үстел өскелең ұрпақты кибербуллингтен (интернеттегі қудалаудан) қорғауға арналған.

 

Дөңгелек үстелдің мақсаты — балалар мен жасөспірімдердің кибербуллинг мәселелерін талқылау, сондай-ақ білім беру мекемелеріндегі кибербуллингтің тиімді алдын алу үшін ұсыныстар әзірлеу.

 

Дөңгелек үстел жұмысына білім беру саласындағы мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ақпараттық қауіпсіздік мамандары, психологтар, құқық қорғаушылар, заңгерлер, педагогтар, мектеп директорлары, халықаралық сарапшылар қатысады.

 

Дөңгелек үстелдің негізгі мәселелерінің арасында:

 

— Технология мен білім тоғысындағы желідегі балалар қауіпсіздігі;

- Интернет-аддикциясы бар балаларды психологиялық сүйемелдеу;

- Киберқылмыстың алдын алу және білім берудің барлық деңгейлерінде интернетті қауіпсіз пайдалануды насихаттау;

- Мектептерге арналған кибербуллингтің алдын алу және әрекет ету жөніндегі құралдардың тұсаукесері.

 

Спикерлер ретінде: Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин, Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева, "Қазақстанның Интернет Ассоциациясы" ЗТБ президенті Шавкат Сабыров, Kaspersky Lab – Kazakhstan, Central Asia & Mongolia Татьяна Пятина, "Сот төрелігіне арналған Білім (E4J)" жаһандық бастама жобасының ұлттық үйлестірушісі Сәуле Исабекова, заңгер-социолог Халида Әжіғұлова, психолог Юлия Васильева және т. б. сөз сөйлейді.

 

Спикерлер ретінде: Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин сөз сөйлейді,

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша мектеп оқушылары, ата-аналар мен педагогтар үшін кибербуллингтің алдын алу жөніндегі арнайы құралдар әзірленеді.

 

***

Құрметті БАҚ өкілдері!

 

Дөңгелек үстел 29 қаңтар 2020 ж., сәрсенбі күні өтеді. Басталуы сағат 11: 00, тіркеу және сәлемдесу кофе-сағат 10: 30

 

Мекен-жайы: Алматы, Байзақов көшесі, 303, 2-қабат – БҰҰ өкілдігі.

 

Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат болуы керек.

 

Байланыс телефондары: +7 708 960 56 13, +7 727 220 92 16 – Артур Жумашев (ТПҚ Алматыдағы PR-і)

 

Жаңалық материалдары
Түсініктеме қалдыру