news-img

21 мамыр күні Халықаралық балаларды қорғау күнінің қарсаңында Тұңғыш Президент Қоры Алматы және Алматы облысының мектеп-интернаттары мен балалар үйлерінің тәрбиеленушілері үшін үлкен мереке өткізді. «Мейірім» фестивалінің қатысушылары Қор атынан сыйлық ретінде аниматорлардың тартымды бағдарламасы, тәтті тартулар және «Покемон. Детектив Пикачу» фильмінің тұсаукесер көрсетілімін алды. 

«Мейірім» балалар шығармашылығының фестивалі - бұл біздің Қорымыз бен Марат Оспанов атындағы Қоғамдық қордың біріккен жобасы. Биылғы жылы фестиваль өзінің онжылдық мерейтойын атап өтеді. Оның мақсаты - даму ерекшеліктері бар балар мен жасөспірімдерге шығармашылықтағы таланттары мен ерекше қабілеттерін ашуда көмек көрсету.

«Мейірім» фестивалінің алдында дәстүрлі түрде сахналық және аспаптық шеберлік, бейнелеу және көркемдік-қолданбалы өнер бойынша өтетін атаулас конкурс өтеді. Балалар үйлерінің, түзету мектеп-интернаттарының және SOS балалар ауылдарының балалары кәсіби қазылар мүшесінің төрелігіне өздерінің шығармашылықтарын көрсетеді. Суреттер, қолдан жасалған дүниелер, билер, әндер және театралдық қойылымдар- конкурстың жанрлық палитрасы шексіз. 

Қазылар мүшесі, олардың қатарсында «Қазақстан Дауысы» жобасының тәлімгері Ева Бехер, танымал композитор Мақсат Жаутиков және Абай атындағы ҚМАОБТ солисті Зарина Алтынбаева, музыкалық продюсер Султана Қаражігітова, конкурсанттардың өнеріне баға беру- жеңіл жұмыс емес екендігін айтады. Таланттарға тәнті болуы және қиын өмірлік жағдайларға түскен балалардың оқиғаларына уаымдау, әр түрлі сезімдер мен эмоциялар туғызады.

«Мейірім» балалар шығармашылығы конкурсының лауреаттары мен жүлдегерлері, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының сахнасында өткен фестивальде аталды. Жеңімпаздарды марапаттау мен құттықтауға танымал мәдениет қайраткерлері мен шығармашылық интеллигенция өкілдері келді. Марапаттау рәсімімен қатар фестиваль қатысушыларының мерекелік концерті өтті. Жас әншілер мен бишілер өздерінің конкурстық бағдарламасындағы ең үздік нөмірлерін көрсетті.

Фестиваль «Замыкая круг»-ишараттық әнін орындаумен аяқталды.

Жеңімпаздар тізімі..doc

 

ҚР Тұңғыш Президент Қорының баспасөз қызметі

PR-менеджер Артур Жұмашев

+7 (727) 220-92-16, +7 (708) 960-56-13

a.zhumashev@fpp.kz, www.fpp.kz

 

Фотограф: Виталий Ткач

Медиа жаңалықтар
Түсініктеме қалдыру