news-img

Алматыда 17 мамыр күні эстрада орындаушыларының «Atameken Juldyzy» бірінші республикалық конкурсы аяқталды.

Жаңа көлемді музыкалық жобаны Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті- Елбасының Қорының жан-жақты қолдауымен П.И.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі ұйымдастырды. Конкурста 15-24 жас аралығындағы 60 қатысушы- Қазақстан, Қытай және Өзбекстанның музыкалық колледждерінің эстрадалық вокал бөлімдерінің студенттері сайысқа түсті.

Конкурстың салтанатты ашылу рәсімінде ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры Алматыдағы өкілдігінің директоры Сергей Тохтаров, музыкалық мансабы енді басталып келе жатқан жас талантты орындаушылар үшін старттық алаң болып табылатын мұндай жобалардың маңыздылығын атап өтті. Конкурс қатысушыларына сәттілік пен шабыт тілей отырып, ол Қордың өнер мен мәдениеттің әр түрлі бағыттарындағы шығармашыл жастарға әрдайым қолдау көрсетуге дайын екендігін айтты. 

— Конкурс «Рухани жаңғыру» стратегиялық бағдарламасынан және Қазақстандағы Жастар жылынан шабыт алады, бұл оның жас таланттардың шығармашылық потенциалын жүзеге асыру бойынша мақсатын түсіндіреді,- дейді ҚР еңбек сіңірген қайраткері, П.И.Чайковский атындағы АМК директоры  Біржан Хасанғалиев. — Қазақ эстрадасының примадоннасы, осы колледждің түлегі Нағима Есқалиева басқарған конкурстың қазылар мүшесіне, танымал эстрадалық әншілер мен продюсерлер - атақты «КешYOU» тобының экс-солисті Анель Аринова, «Жас Қанат» конкурсының лауреаты, «Дара» тобының қатысушысы Нұргуль Нугманова, әнші Жанбол Тулешев және педагог Алия Аюб кірді.

Конкурстың шарттары бойынша, жас әншілер бір қазақ әнін, әлемдік хит және үшінші қалауы бойынша туынды орындады.

Вокалдық марафонның примасы, Гран-при жүлдесіне П.И.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің студенті Акерке Амалят ие болды.

— Қазылар мүшесі мен көпшілікті кең ауқымды диапазоны акеркенің даусы байрап алды. Оның әртістік қабілеті де маңызды- ол әндерді орындағанда әр түрлі көркемдік образдарды жасай алады және сол образдарға ене алады, туындылардың стилистикасын нақты сақтай алады және техникалық мінсіз орындайды. Ариана Гранденің репертуарындағы «Dangerous woman» хит әнімен Акерке Амалят залды «жарды» десек те болады!- деп қазылар алқасының мүшесі, танымал эстрадалық әнші, Х-фактор жобасының жартылай финалисті Жанбол Тулешев өз әсерімен бөлісті.

Бірінші сыйлықты П.И.Чайковский атындағы колледждің студенті Аружан Айдарбек және Нұр-Сұлтан қаласындағы ҰазҰӨУ жанындағы колледждің студенті Даулет Оразбек бөлісті. Ол «Мюзикола» тобының репертуарындағы «Сен мұңыңды бер маған» атты әнімен өзінің күшті лирикалық дарының арқасында үздік үштіктер қатарына өтті.

«Күміс» жүлде талантты әнші Камила Болатбекте. Тыңдармандарды оның орындауының эмоционалдылығы мен рухани тереңдігі еліктірді. Жас әншінің даусы үлкен диапазонмен және әдемі тембрмен ерекшеленеді. Камиланың орындауында Гаухар Каспакованың репертуарындағы ін есте қалды. Екінші жүлдеге сондай-ақ Сания Танатарова мен Айзара Артыкбаева ие болды. Олардың барлығы П.И.Чайковский атындағы АМК студенттері.  

«Қола» жүлдеге төрт әнші ие болды: Жандос Мухаммади және Лаура Закирова П.Чайковский атындағы колледжді таныстырды, Аруна Казбек – Көкшетау қаласынан келген вокалист. Бұл құрамда «Туған жер» әнімен  жақсы орындау көрсеткен, және музыкалылығы мен кіршіксіз ритм сезгіштігімен ерекшеленген өзбек әншісі Асель Акмурзаева да бар.

Илияс Сейтпенбетов пен Қымбат Жамбылбек  конкурстың дипломанттары атағына ие болды.

Үш конкурсант – Абубакир Куралбек, Кегенханбатыр Нұрділда және Аяжан Мейрман — колледждің директоры Биржан Хасангалиевтан арнайы сыйлықтар алды.

Жалпы, республикалық «Atameken Juldyzy» эстрадалық әншілер конкурсы, конкурсанттардың дайындық деңгейі оларды таяу шетелдегі ғана емес, алыс шетелдегі беделді конкурстарға да шығаруға болатындығын көрсетті.  Сонымен қатар конкурстың қатысушылары мен қазылар мүшесі жобаның болашақта үлкен потенциалы бар екендігі туралы ортақ пікір білдірді, себебі ол өзіне вокалдық орындаушылықтың ұлттық дәстүрлерін дамыту мақсатын қойып отыр.

 

П.И.Чайковский атындағы АМК оқытушысы

Инна Лебедева

 

ҚР Тұңғыш Президент Қорының баспасөз қызметі

PR-менеджер Артур Жұмашев

+7 (727) 220-92-16, +7 (708) 960-56-13

a.zhumashev@fpp.kz, www.fpp.kz

 

Фотограф: Виталий Ткач

Медиа жаңалықтар
Түсініктеме қалдыру