news-img

«Мұндай дәріс пен спектакльді теледидарға түсіру керек», «Мұны неге түсірмеген? 50 жылдан кейін қайтадан көруге болады», «Мен керемет ләззат алдым», «Бұл моноспектакль дәріс, бұл дәріс фильм», «Бүгін теоретик, тарихшы және балетмейстер дүниеге келді». Алматыдағы Нұрсұлтан Назарбаев Қорында өткен Дамир Оразымбеттің «Өнер тәрбиесі» дәрістер циклінің көрермендері осындай пікір білдірді.

Білім беру-ағарту жобасы Qazaq Ballet креативті зертханасында басталды және оны Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, ЮНЕСКО-ның Қазақстан Ұлттық клубтар федерациясы және Enactus ұлттық кеңсесі қолдады. Дәрістердің мақсаты - көрерменді хореография өнерінің тарихымен және музыкадан сәнге, сәулет өнерінен кескіндемеге дейінгі байланысты өнер түрлерімен таныстыру.

Театр режиссері, балетмейстер және зерттеуші Дамир Оразымбет көрерменге кәсіби пікірлерге негізделген мұрағаттық фото және бейнематериалдардан тұратын авторлық дәрістер ұсынды. Жоба 1,5 айға жалғасты және 1000-нан астам көрерменді қамтыды.

Қорытынды дәрісте лектор сөз алып, авторлық хореографиялық қойылымдарын көрсетті. Алғашқы би «Көңіл толқыны» (муз. С.Тұрысбек) халықаралық байқаулардың лауреаты, Нұрсұлтан Назарбаев Қорының екі мәрте стипендиаты және грант иегері Тоғжан Молдалім таныстырды. «Алдар Көсе» балетінен үзіндіні (муз. А.Мейірбеков) А.Селезнев атындағы АХУ студенттері орындады. Шағын концерт соңында ҚР Мемлекеттік академиялық би театрының жетекші солистері Айя Мелис пен Дияр Акенев «Ояну» балетінен (муз. Е. Брусиловский) «Адажио» биледі.

Дәрістер әртүрлі колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерінің, сонымен қатар музыка, балет, сәулет, медицина, философия, кино саласындағы мамандарды қамтыды. «ТВ-да хабар тарату, фильм түсіру, аудио кітаптар жазу қажет (қысқа қайырғанда, осы материалдың барлығын цифрландыру керек). Қазақстан Республикасында мұндай ағартушылық жобалар өте аз, олар өте қажет! Халық үшін ғана емес, кәсіпқойлар үшін де қажет!», - деп музыкатанушы және қоғам қайраткері Гүлнәр Ғизатова әсерімен бөлісті.

Түсініктеме қалдыру