news-img

Ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасына тіркелу басталды. 1-30 наурыз аралығында өтінім қабылданады. 1000bala.elumiti.kz сайты арқылы тіркелуге болады. Олимпиадаға соңғы екі оқу жылында еліміздің ауыл мектептерінде оқыған 6 сынып оқушылары қатысады.

2023 жылы олимпиадаға тек 6-сынып оқушылары қатыса алады. 

«Мың бала» олимпиадасы екі кезеңнен тұрады. I кезең 2023 жылғы 3-7 сәуір аралығында өтеді. Тестілеу онлайн форматта жүргізіледі. Ең жоғары қорытынды балл жинаған 5 мың оқушы олимпиаданың II кезеңіне жолдама алады.

II кезең 2023 жылғы 26-28 сәуір аралығында өңірлік тестілеу орталықтарының аумағында күндізгі нысанда өтеді. II кезеңде қатысушыларға математикалық сауаттылық, қазақ тілі (қазақ тілінде оқитын оқушылар үшін), орыс тілі (орыс тілінде оқитын оқушылар үшін), ағылшын тілі және жаратылыстану пәндері бойынша білімін бағалауға бағытталған компьютерлік тестілеуден өту қажет. Ауыл мектебіндегі 6-сыныптың 500 оқушысы – былтырғы жылдың финалистері (2022 жыл) олимпиаданың екінші кезеңіне автоматты түрде қабылданады.

«Мың бала» Ұлттық олимпиадасы ауылдық жерлерде 6-сынып оқитын үздік 1000 оқушыны анықтайды және еліміздегі дарынды балаларға арналған Республикалық физика-математика мектебі, «Білім-Инновация» лицейі, «Дарын» мамандандырылған мектепте білімін ұштауға мүмкіндік береді. Олимпиаданың 5 мың финалисі Birge oqý онлайн мектебінде тегін оқи алады.

«Мың бала» олимпиадасына қатысу тегін.

Олимпиаданы ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Елбасы Академиясы» КҚ-мен серіктестікте өткізеді.

Түсініктеме қалдыру