contest-img

"Мың бала" жобасы жыл сайын ауылдық жерлердегі 5 және 6-сынып оқушылары арасынан 1000 дарынды баланы анықтауға, олардың құрдастарымен сәтті бәсекеге түсе отырып, еліміздің ең үздік білім ошақтарында оқуға мүмкіндік береді.

Басты мақсаты - ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының таланттары мен қабілеттерін дамыту және қолдау үшін жағдайлар жасау.

Олимпиадаға қатысушылар: Қазақстан Республикасы ауыл мекендеріндегі білім алатын 5 және 6-сынып оқушылары.

Қатысу шарттары:

  • Олимпиадаға Қазақстан Республикасының соңғы екі оқу жылында ауыл мектептерінде білім алып жатқан 5 және 6-сынып оқушылары қатысады.
  • Олимпиадаға қатысуға бұған дейін қатысқан ауыл мектептерінің 6-сынып оқушылары қайта өтініш беруге құқылы.

Олимпиадаға тіркелуді 1000bala.elbasyacademy.kz сайтында жүргізуге болады.

«Мың бала» Олимпиадасында іріктеу рәсімі қалай өтеді?

I-кезең

Бірінші кезеңде ауыл мектептерінің 5 және 6-сынып оқушылары арасында 5 мың финалистті іріктеледі. Бірінші кезең танымдық ойлау деңгейін анықтауға арналған тесттерді қамтиды. Кешенді тестілеу «логикалық ойлау» және «кеңістіктік ойлау» бөлімдерінен тұрады.

Олимпиадаға қатысушылар I-кезеңнің кешенді тестілеуін өз таңдауы бойынша: қашықтан онлайн режимінде немесе жергілікті білім беруді басқару органдары ұсынған арнайы жабдықталған үй-жайларда өте алады.

II-кезең

Екінші кезеңде финалистер арасында 1 000 жеңімпаз іріктеледі. ІІ-кезеңді өткізу орындарында оқушылардың қатысуы міндетті.

Іріктеу компьютерлік тестілеу нәтижелері бойынша жүргізіледі, оған бөлімдер бойынша оқушылардың академиялық білімін бағалау кіреді:

  • «Математикалық сауаттылық»;
  • «Қазақ тілі», қазақ тілінде білім алатын оқушылар үшін;
  • «Орыс тілі», орыс тілінде білім алатын оқушылар үшін;
  • «Ағылшын тілі»;
  • «Жаратылыстану».

«Мың бала» олимпиадасына қатысу қорытындысы бойынша:

  • Ең көп балл жинаған жеңімпаздарға дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде, оның ішінде Дарын, БИЛ мектептерінде білім алу ұсынылады.
  • «Мың бала» олимпиадасының барлық қатысушыларына одан әрі білім алу және дағдыларын дамыту үшін Елбасы Академиясының «Birge Oqý» онлайн мектебіне тегін қабылдану мүмкіндігі беріледі.

Қосымша ақпарат үшін 8 800 080 48 48 нөміріне хабарласуға болады (қоңырау шалу тегін)

 

contacts-Аршабаева Айжан Бірлікқызы
Аршабаева Айжан Бірлікқызы
"Myń Bala" жобасының үйлестірушісі

"Мың бала" Ұлттық Олимпиадасы

Әлеуметтік навигатор