Қазақстандық «Mugalim» фильмі Сан-Себастьян халықаралық кинофестивалінің бағдарламасына енді
Қыркүйек айында қазақстандық «Mugalim» фильмінің әлемдік премьерасы Сан-Себастьян халықаралық кинофестивалінде өтті. Картина фестивальдің жас режиссерлердің алғашқы туындылары ұсынылатын New Directors секциясында көрерменге жол тартты.
Сан-Себастьян кинофестивалі – әлемдік киноиндустрияның жетекші өкілдері, танымал режиссерлер, продюсерлер, актерлер мен кино сыншылары бас қосатын «А» санатындағы беделді халықаралық кинофестивальдердің бірі.

Осындай ірі фестивальдің ресми бағдарламасына ену – киножоба үшін маңызды кәсіби жетістік. Бұл фильмді халықаралық аудиторияға таныстырып қана қоймай, шетелдік кино мамандарының назарына ілігуге, жаңа кәсіби байланыс орнатуға және жобаның халықаралық фестивальдердегі жолын жалғастыруға мүмкіндік береді.

Қордың қаржылай қолдауының арқасында фильм режиссері Аяна Нұрдинова фестивальге қатысып, «Mugalim» картинасын халықаралық кәсіби ортаға таныстырды.
Фестиваль аясында қазақстандық кинематографистер киноиндустрия өкілдерімен кездесіп, тәжірибе алмасып, жобаны одан әрі дамытуға мүмкіндік беретін жаңа кәсіби байланыс орнатты.

Қор үшін отандық мәдениет өкілдеріне қолдау көрсетіп, қазақстандық киноның халықаралық беделді алаңдарда танылуына жағдай жасау маңызды.
Аяна Нұрдинова мен «Mugalim» командасын фильмнің әлемдік премьерасымен құттықтаймыз! Картинаға фестивальде сәттілік пен көрермендердің жоғары бағасын тілейміз!

Ал фильмді Қазақстан кинотеатрларынан 8 қазаннан бастап көруге болады.