contest-img

Мүгедектігі бар балалардың жылына 4 мыңға дейін көбеюіне және балалар мүгедектігінің алдын алу қажеттілігіне байланысты Қазақстанда алғаш рет мемлекеттік ерте араласу орталықтары құрылды.

Бұл орталықтарда дамуында ауытқуы және туындау қаупі бар 0-ден 3 жасқа дейінгі балаларға диагностика, абилитация/оңалту мен дамыта оқыту түріндегі қолдау көрсетіледі.

2020-2022 жылдары «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ мен әкімдіктердің қолдауымен өңірлерде 7 ерте араласу орталығы ашылды:
 
Ақмола облысы/ Степногорск қ.
Ақтөбе облысы / Ақтөбе қ.
Алматы облысы / Бәйдібек би ауылы
Абай обл./ Семей қ.
Маңғыстау облысы / Ақтау қ.
Астана қ.
Шымкент қ.

Ерте араласу орталықтары дамудың ауытқуын ерте анықтауға және оңалту шараларын тағайындауға мүмкіндік беретін есту, миды зерттеуге арналған оңалту, сонымен қатар, диагностикалық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Орталықтардың жұмысы үшін мамандардың пәнаралық тобы дайындалды.

2023 жылы әрбір облыста ерте араласу орталықтарын ашу жалғасады және республикалық маңызы бар қалада осындай сипаттағы 13 орталық ашылады:

Алматы облысы/ Талдықорған қ.
Атырау облысы / Атырау қ.
Шығыс Қазақстан облысы / Өскемен қ.
Жамбыл облысы / Тараз қ.
Батыс Қазақстан облысы/ Орал қ.
Қарағанды облысы / Қарағанды қ.
Қостанай облысы / Қостанай қ.
Қызылорда облысы / Арал қ.
Павлодар облысы / Павлодар қ.
Солтүстік Қазақстан облысы / Петропавл қ.
Түркістан облысы / Қапланбек ауылы
Алматы қ.
Шымкент қ.

20 ерте араласу орталығының жұмысы жылына 11 000-нан астам баланы кешенді оңалтумен қамтуға мүмкіндік береді, осылайша жақын жерден оңалтудан өтеді.

13 ерте араласу орталығына қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуды «Қазақстан халқына» қоры және «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қаржыландырды.

Ауруханалар жанындағы ғимаратты жергілікті атқарушы органдар бөлген, бекітілген сызбалар мен дизайн жобаларға сәйкес жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ерте араласу орталықтарының мамандарын оқытуды Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қаржыландырды.

contacts-МӘКЕЕВ ДИАС МҰРАТҚҰЛҰЛЫ
МӘКЕЕВ ДИАС МҰРАТҚҰЛҰЛЫ
Жоба менеджері

20 ерте араласу орталығы

  

Әлеуметтік навигатор