contest-img

2015 жылы Қор Қазақстан Жазушылар одағымен және мемлекеттік тілді дамыту қорымен бірлесіп  Қазақстан үшін бірегей «Алтын Тобылғы» әдеби сыйлығын тағайындады.
 
Сыйлық байқау негізінде 18-35 жас аралығындағы жас жазушылардың бұрын еш жерде жарияланбаған үздік жұмысы үшін беріледі.

Жас әдебиетшілер байқауы келесі номинация бойынша өтеді:

  • «Жылдың үздік прозасы»;
  • «Жылдың үздік поэзиясы»;
  • «Жылдың үздік драматургиясы»;
  • «Жылдың үздік балалар шығармасы»;
  • «Жылдың үздік киносценарийі»;
  • «Көркем әдебиет жанрындағы үздік шығарма»;
  • «Ел мұраты – Тәуелсіздік» тақырыбына арналған үздік шығарма» арнайы номинациясы.

Қазылар алқасында белгілі қазақстандық жазушылар, сценаристер мен журналистер бар. Олар идея мен сюжеттік желінің өзіндік ерекшелігін, көркемдік құндылығы мен авторлық жұмыстың эстетикалық әсерінің тереңдігін бағалайды.

Әрбір лауреатқа диплом, медаль және ақшалай сыйлық табысталады. «Алтын Тобылғы» сыйлығы Қазақстанның қазіргі әдебиетіне деген шынайы қызығушылық пен оқуға деген сүйіспеншілікті оятады деп сенеміз.

contacts-Булхаиров Серік Әмірұлы
Булхаиров Серік Әмірұлы
Жобалық кеңсенің аға үйлестірушісі

«Алтын Тобылғы» Сыйлығы

                    

Әлеуметтік навигатор