news-img

Алматыда екі күн бойы Нұрсұлтан Назарбаев Қорының ұйымдастыруымен «Аман келешек» балалар инклюзивті фестивалі өтті. Тоғызыншы рет жалауын көтерген фестивальға Алматы, Шымкент қалаларынан, Алматы, Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облыстарынан келген 10 жастан 15 жасқа дейінгі 350-ден астам балалар мен жасөспірімдер қатысты.

«Цифрлық әлемдегі салауатты әрі бақытты балалық шақ» атауымен өткен фестивальдің мақсаты – қатысушыларға цифрлық технологияларды тиімді және ұтымды пайдалануға үйрету. Жобаның басты міндетінің бірі балалар мен жасөспірімдерді, соның ішінде ерекше балаларды жан-жақты дамыту мен әлеуметтендіруді қолдау.

Фестиваль ауқымды интерактивті алаң ретінде ұсынылды, онда әрбір қатысушы қызығушылығы бойынша сабақты таңдап, жаңа білім алып, спортта, шығармашылықта, дизайнда, IT, музыкада және т.б. бағыттарда дағдыларды меңгере алды. Ал биыл дәстүрлі шеберлік сыныптарына қаржылық сауаттылық пен медиасауаттылық бойынша сабақтар қосылды. Іс-шараның бағдарламасы 17 тақырыптық шеберлік сынып, квест және воркшоптан тұрды.

Іс-шара салтанатты ашылу рәсімінде балаларды БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі Властимил Самек, актер әрі сценарист Еркен Губашев, әнші әрі актриса Дильназ Ахмадиева, актер және режиссер Ерден Телемисов, тележүргізуші Перизат Жапарова, актриса және тележүргізуші Айнұр Ілиясова, «101» тобының мүшелері Ербол Жайлауов, Станислав Ли және Иван Бреусов сынды танымал медиа қызметкерлер құттықтады.

- Сіздерді бұл жерде жақсы көреді. Сіздерге арнап осындай керемет мереке жасаған фестивальді ұйымдастырушыларға рахмет. Себебі дәл осы жерде тау шаңғысы курортында жеңіске жетіп, рекордтар орнатылады, фестиваль сіздердің жеңістеріңіздің бастауы! - деді Еркен Губашев.

Айта кетейік, фестиваль кезінде балалардың осында тұрып, бос уақытын қызықты өткізу үшін Іле Алатауы тауларының етегінде орналасқан биік таулы «Ақ бұлақ» санаторийінің базасында ұйымдастырылды. Осылайша, бұл қатысушыларға дене тәрбиесін шынықтырып, тәрбие мен оқытуды сауықтыру демалысымен үйлестіруге, сонымен қатар балалардың қарым-қатынас мәдениеті мен төзімділік дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік берді.

- Маған фестиваль өте ұнады. «Аман келешекке» қатысу менің арманым еді. Арманым орындалды. Бұл жерде мен көп нәрсені үйрендім, басқа қатысушылармен таныстым және жаңа достар таптым, — деп Қызылорда қаласынан келген «Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылының 12 жастағы тәрбиеленушісі Ерсұлтан Қыпшақбаев әсерімен бөлісті.

Биылғы фестивальдің басты идеясы – денсаулыққа зиян келтірмейтін технология арқылы білім алуға және дағдыларды игеруге жағдай жасау. Іс-шараға арнайы (түзету) мектеп-интернаттарынан, балалар үйлерінен, жалпы білім беретін мектептерден, жетім балалар мен мүгедек балаларды біріктіретін мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардан 10 жастан 15 жасқа дейінгі Қазақстанның түкпір-түкпірінен 350-ден астам бала қатысты.

— «Аман келешек» фестивалі 2014 жылдан бері өткізіліп келеді. Жыл сайын Алматыға осы балалық шақтың мерекесіне келген қатысушылардың қуанышын көреміз. Пандемия кезеңінде де балалар біздің назарымыздан тыс қалмады – фестиваль онлайн режимде өтті. Осы маусымда «Аман келешектің» өткізілуі Қазақстанда балалар жылының жариялануына байланысты символдық мәнге ие. Бұл фестиваль ерекше маңызды тақырыпқа – цифрлық әлемдегі балалардың сауығып дамуына арналған. Біз балалардың гаджеттер мен цифрлық технологияларды денсаулыққа зиян келтірмей ұтымды пайдалануы үшін шеберлік сабақтарын, квесттер мен шығармашылық алаңдарды ұйымдастыруға тырыстық, - деді Қордың Алматы қаласындағы өкілдігінің директоры Сергей Тохтаров.

IX «Аман келешек» балалар инклюзивті фестивалі іс-шараның ең белсенді қатысушыларын марапаттаумен аяқталды. Сонымен қатар, балалар стринг-арт техникасында орындалған фестивальдің көлемді логотипі - бірлескен шығармашылық жұмысын ұсынды.

Естеріңізге сала кетейік, «Аман келешек» - бұл инклюзивтік қоғамды дамытуға жағдайлар мен мүмкіндіктер жасайтын, әлеуметтік маңызы мен мазмұндық құрамы бойынша елдегі бірегей жобалардың біріне айналған фестиваль. 2014 жылдан бастап оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен 15 000-нан астам бала қатысты.

 

Қордың Алматы қаласындағы өкілдігі

PR-менеджер Артур Жұмашев

+7 708 960 56 13

pr.zhumashev@gmail.com

Түсініктеме қалдыру