news-img

Алматыда «Халықаралық әлеуметтану және саясат институты» қоғамдық қоры шығарған кітаптар топтамасының тұсаукесері өтті.

Кітап авторлары қазақстандық белгілі ғалымдар мен сарапшылар: ХӘСИ директоры және әлеуметтанушы Андрей Хан, саясаттанушылар мен қоғамдық-саяси процестерді талдау бойынша танымал сарапшылар Андрей Чеботарев, Марат Шибутов, Айман Жүсіпова, этносаясаткер Нұртай Мұстафаев, сондай-ақ дипломат Рүстем Құрманғожин. Кітаптар ғылыми-көпшілік стильде жазылған және саяси модернизация, сыртқы саясат, президенттік институт, атқарушы және өкілді билік тармақтары сияқты мемлекеттік басқару салаларын қамтиды.

Марат Шибутов: «Оқырман үшін кітаптардағы асты құндылық - біз жалпы жұмыс механизмін көрсетеміз: сыртқы саясат қалай қалыптасады, Үкімет қалай жұмыс істейді, Парламент қалай жұмыс істейді. Олардың қазіргі уақытта қалай жұмыс істейтінін айтып қана ғоймай, сонымен қатар бүгінгі нәтиже қандай факторлар мен шешімдердің арқасында келгенін көрсетеміз. Біз университет беретін әдеттегі курсты бір арнаға тоғыстырдық».

Іс-шараға әлеуметтану, саясаттану, экономика және басқа да ғылымдар саласындағы  танымал қазақстандық сарапшылар, сондай-ақ ғалымдар жұмысына өз пікірлері мен рецензияларын білдірген студенттер мен жас зерттеушілер қатысты.

«Халықаралық әлеуметтану және саясат институты» қоғамдық қоры – ғылыми, талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулер жүргізуге маманданған ұйым. Кітаптар сериясын жариялау «Елбасы Академиясы» корпоративтік қорының қолдауымен жүзеге асырылды.

«Біз авторлардың ғылыми еңбектерін қолдадық. Кітаптар топтамасы басқа зерттеушілердің жаңа еңбектері үшін жақсы дерек көзі болатыны анық. Кітаптар тек ғалымдар ортасында ғана емес, саясатқа, мемлекеттік басқаруға қызығушылық танытатын азаматтарымызға да қызықты болады деп сенемін», - деді қор директоры Асланбек Амрин.

Материалдардың бұл топтамасы 30-ға жуық қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарына, ғылыми-зерттеу институттарына, кітапханаларға беріледі, сондай-ақ жалпыға қолжетімді платформаларда электрондық түрде қолжетімді болады.

Түсініктеме қалдыру