news-img

Алматыда Жастар жылын қолдау аясында ЖОО арасында робототехника бойынша алғашқы «IITU Robocon 2019» республикалық чемпионаты өтті. ІТ-университеті мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының бастамасы көптеген қазақстандық студенттердің басын қосты. Чемпионат қатысушылары өздерінің ғылымға бейімділігімен цифрлық мемлекеттің жаңа ақиқаттарына өтуге дайын креативті қоғам құруға үлестерін қосты.

Қазақстандық жастарды еліміздің иннновациялық іс-әрекетіне тартуға бағытталған сайыстарда, 15 университеттік команда жарысты. Әділ-қазылар алқасының төрелігіне олар екі - автоматтандырылған және басқарылатын роботтарды ұсынды. Әр роботтың өз міндеті болды: егер басқарылатын робот белгілі бір траектория бойынша қозғалып, шариктерді шұңқырға салған болса, автоматтандырылған робот жасанды планетаға ракета жіберді.

 

— Біз өзіміздің робот туралы көп ойландық, оның түрі қандай болуы тиіс, оның интеллектісінің лоикасын қалай құрамыз,  оның қандай практикалық маңызы болады. Ұйымдастырушылардың нақты- толық әзірлеу циклын есептейтін Arduino платформасының негізінде робот құру міндетін қойғандары жақсы болды. Тұңғыш Президент Қоры мен ІТ-университетіне «IITU Robocon 2019» ұйымдастырғандары үшін рахмет айтқым келеді. Елбасының біздің хоббилер мен қызығушылықтарымызға назар аударатындығы қуантады,- деп турнир барысында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің 4-курс студенті Юрий Турковский өз әсерімен бөлісті. 

 

Әр командамен 7-8 ай аралығында менторлар жұмыс істеп, жас құрастырушыларға роботтар әзірлеуге көмек көрсетті және оларды чемпионатқа дайындады. Болашақ ІТ-мамандары мен робот құрастырушылардың жұмысын Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің, Тұңғыш Президент Қоры жанындағы ғылым бойынша Кеңестің өкілдері және тіпті Жапониядан шақырылған қонақ- ABU Robocon коммерциялық емес кәсіби ассоциациясының қызметкері Mr Arai бағалады.

 

Айта кетерлігі, Mr Arai робот құрастырушы-командалардың керемет дайындығын атап өтті және қазақстандық жастардың ғылыми-техникалық потенциалын жоғары бағалады. Жеңімпаздарды, яғни Almaty Management University командасын марапаттай отырып, Mr Arai робототехника бойынша «IITU Robocon 2019» чемпионын осы жылы Моңғолияда өтетін  ABU Robocon  халықаралық турниріне шақырды. Екінші орын Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ командасына бұйырса, үшінші орынды радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары иемденді.

 

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтар: І орын үшін- 3D-принтер, II орын үшін– квадрокоптер, ал III орынға – ноутбук алғандығын атап кетейік.

 

Робототехника бойынша  «IITU Robocon 2019»  студенттік сайыстары Halyk Arena мұз сарайында өтті. Чемпионат қатысушылары мен зал толы көрермендер үшін қазақ эстрадасының орынлаушылары— Али Оқапов, Ziruza, Q-pop жанрындағы бойзбенд «Newton» және заманауи би ұжымдары өнер көрсетті.

 

Іс-шара «Цифрлы Қазақстан» және «Рухани жаңғыру» бағдарламаларын дамыту аясында өткізілді.

 

ҚР Тұңғыш Президент Қорының баспасөз қызметі

PR-менеджер Артур Жумашев

+7 (727) 220-92-16, +7 (708) 960-56-13

a.zhumashev@fpp.kz, www.fpp.kz

Фото: Виталий Ткач

 

Медиа жаңалықтар
Түсініктеме қалдыру