news-img

Құрметті студенттер, сіздердің өтініштеріңіз бойынша студенттік шәкіртақылар байқауына өтінім қабылдау мерзімін 15 шілдеге дейін ұзарттық. 

Құжат жинау мен рәсімдеуді аяқтап Нұрсұлтан Назарбаев Қорының байқау комиссиясына жіберу үшін тағы он күн бар.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының талантты студенттері арасындағы байқау алғаш рет 2010 жылы өткізіліп, бүгінге дейін 799 адам стипендиат атанды. Стипендиялық бағдарламаның мақсаты –дарынды жастарды анықтау және ел студенттерінің оқу, ғылыми, шығармашылық және қоғамдық пайдалы қызметін ынталандыру.

Бір қызығы, стипендияға ақылы да, ақысыз негізде де оқитын студенттер үміткер бола алады. Қордың стипендиялары дербес және жалпыға бірдей белгіленгендерден бөлек төленеді, яғни конкурсант өзге де грант және стипендия бағдарламаларының иегері бола алады.

Байқаудың шарты туралы толығырақ fnn.kz сайтының «Жобалар мен байқаулар» бөлімінде орналастырылған.

Түсініктеме қалдыру