news-img

Қазақстанда инклюзияны дамытып, ерекше қажеттілігі бар балаларды оңалтуға жаңа мүмкіндіктер жасап жатқан «Қамқорлық» бастамасына «Қазақстан халқына» Қоры қолдау көрсетеді. Мұны Қор төрағасы Болат Жәмішев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің (ОКҚ) брифингінде мәлімдеді.

 «Қамқорлық» бастамасы аясында ел бойынша «Қамқорлық Қоры» қорының демеуімен балаларды оңалту орталықтары мен инклюзияны қолдау кабинеті ашылуда. 

 «Қазақстан халқына» қоры еліміздің 13 қаласында жаңа ерте араласу орталығын жарақтандыруға 870 млн теңге бөледі.

- Ерте араласу орталықтарын жарақтандыру жобасында біз серіктес рөлін атқарамыз. «Samruk-Kazyna Trust»-пен бірге жобаны теңдей қаржыландырамыз: 13 қаладағы орталықты жарақтандыруға 870 млн теңге бөлеміз. Бұл ерекше күтімді қажет ететін балаларға, негізінен церебральды сал ауруының күрделі салдардын жоюға және жүре алуға, қатарластарынан қатты қалып қоймауы үшін қарапайым міндеттерді орындауға көмектесетін орталықтар, - деді Болат Жәмішев ОКҚ брифингінде.

Қор төрағасы елімізде оңалту орталығына деген қажеттіліктің көп екенін атады. Сол себепті оларды көптеп құру және қолдау қажет.

- Мұндай орталықтарды «Қамқорлық қоры» сияқты ұйымсыз құру мүмкін болмас еді – бұл біздің серіктесіміз, – деді Жәмішев.

Түсініктеме қалдыру