news-img

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының жыл сайынғы республикалық студенттік стипендиялар байқауына өтінім қабылдау жалғасуда. Өтінімдер 2022 жылдың 30 маусымына дейін қабылданады.

Қордың атаулы студенттік стипендиясы студенттердің оқу, ғылыми және шығармашылық талантын таныту үшін тағайындалады, бүгінге дейін 799 адам стипендиат атанған. Стипендия байқау қорытындысы бойынша дербес беріледі және жалпыға бірдей белгіленген шәкіртақыдан бөлек төленеді, ал бұл оны өзге грант пен шәкіртақы иелері де ала алады дегенді білдіреді. Байқауға тегін әрі ақылы негізде оқитын студенттер қатысуға құқылы.

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының шәкіртақысын алу үшін үлгерімнің жақсы болуы жеткіліксіз. Жастардың таланты мен әлеуетін жан-жақты ашуға арналған жобалар мен бағдарламаларға қатысып, жеңіске жету қажет. Атап айтсақ, конференциялар, форумдар, жарыстар, байқаулар, ел алдында сөз сөйлеу, еріктілік акциялар және т. б.

Стипендияны тағайындау ережесімен fnn.kz сайтындағы «Жобалар мен байқаулар» бөлімінен көре аласыздар.

Толық ақпарат: 

     Жоғары оқу орындарының студенттері үшін – 8 727 305 36 23, roza@fnn.kz (Едігеева Роза Мақашқызы).
    «Өнер және мәдениет» бағыты бойынша оқитын студенттер үшін – 8 727 305 36 24, tismailov@fnn.kz (Ысмайлов Тимур Мұратұлы).

Түсініктеме қалдыру