news-img

Алматы облысы Қарасай ауданының мектеп мұғалімдері арасында Қарасай ауданының білім беру қоры «Білім» байқауын өткізді.

Күзгі іріктеу кезеңіне қатысқан 757 мұғалімнің 50-і финалға өтті. Олар қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, география, информатика, физика, математика, химия, биология, тарих сынды 10 пән бойынша бақ сынасты. 

Әдеттегідей финалдық кезең тартысты өтті.
Финалистерге арналған тапсырмаларды еліміздің үздік жоғары оқу орындары әзірледі. Комиссия құрамына профессорлар, ғылым кандидаттары, мектеп оқулықтарының авторлары кірді. 
Ақтық сайыс Қаскелең қаласындағы Алтын ауыл орта мектебінде өтті.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

-информатика пәні бойынша – Мәсімханов Алдияр Медеубекұлы, дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын әл-Фараби атындағы мамандандырылған гимназия;

-физика пәні бойынша – Буханова Айдай Сәбиқызы, Қарасай батыр атындағы орта мектеп; 

- математика пәні бойынша - Дәурембекова Нәзигүл Зекенқызы, Белинский атындағы орта мектеп; 

-тарих пәні бойынша – Қарабекова Жанат Шерқұлқызы, Қарасай батыр атындағы орта мектеп; 

- қазақ тілі пәні бойынша – Ерғали Әсем Нұрғазықызы, Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп-гимназиясы;

-химия пәні бойынша – Бекетова Нұргүл Көшербайқызы, Шамалған ауылының орта мектеп;

-биология пәні бойынша – Әмзеева Анаргүл Бақбергенқызы, Керімбеков атындағы орта мектеп;
 
-география пәні бойынша – Әбдірайымова Айман Әдішқызы, Әлімқұлов атындағы орта мектеп; 

-орыс тілі пәні бойынша – Шайхадан Аян Қанатқызы, Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп-гимназиясы;

- ағылшын тілі пәні бойынша – Көбеева Әсел Сәбитқызы, дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын әл-Фараби атындағы мамандандырылған гимназия.

Түсініктеме қалдыру