news-img

AITU Open-2022 спорттық бағдарламалау бойынша командалық олимпиадада Astana IT University, Назарбаев Университеті және Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің студенттері үздік деп танылды. 

Олимпиаданы Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен Astana IT University ұйымдастырды. Сайысқа онлайн және офлайн түрде 3 адамға дейін команда құрған оқушылар мен студенттер қатысты.

Олимпиада аясында жастар шешімі С++, Java, Pascal және Python бағдарламалау тілдерінде жазылған алгоритмдік бағдарламалау бойынша тапсырмаларды орындады. Тапсырмалар ғылыми мазмұнымен, математиканың жоғары деңгейімен ерекшеленді, бұл үшін алгоритм мен деректер құрылымын білуді қажет етеді.

"Қор мемлекеттік мекемелермен, жоғары оқу орындарымен, ҮЕҰ-мен бірлесе жемісті еңбек жылдары жастардың ғылыми, техникалық салалардағы идеяларының дамуына ықпал ету үшін жұмыс істеді. Біз отандық стартаптардың әлемдік нарыққа шығуына көмектесетін Robocon, KazRoboProject және т.б. байқауларды өткізуге көмектесетін Smart zholy бағдарламасын іске асырдық. Қор белсенді жастарды тарта отырып, олимпиада өткізуді қолдады. Сіздерге жаңа табыстар тілеймін", - деді Олимпиада жеңімпаздарын марапаттау рәсімі кезінде Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жобалық кеңсесі басшысының орынбасары Медеу Қарсақбаев.

Жеңімпаз командаларды құттықтаймыз!

1 орын – Very Intersting Рersonalitites тобы. Құрамында Мұратов Әділхан, Қызырқанов Парасат, Қамзабек Нархан (Astana IT University) бар;

2 орын – SuperNoVa. Команда құрамында Шорманхан Дінмұхамед, Алтынбеков Батырхан, Қуанышбай Айбар (Халықаралық ақпараттық технологиялар унивеситеті) бар;

3 орын - Батырхан Хафиз, Қайырлы Нұрлыхан және Dorama Queen (Назарбаев Университеті) командасынан Тұрысбек Мәди. 

Бұған қоса, оқушылар арасында үздік нәтиже көрсеткені үшін Ашуров Альтаир, Пердебай Рамазан және Жарылғамысов Темірлан Astana IT University-де оқуға гранттар ұтып алды.

Түсініктеме қалдыру