news-img

Цифрлық өзгерістер мен жобалардың жас әзірлеушілеріне арналған шараны Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, «Astana IT University», British Council, «KazDream Technologies» ЖШС ұйымдастырады.

Хакатон ұйымдастырудағы мақсат – Cybersecurity және EdTech салалары бойынша жастардың қызықты идеяларын дамытуға жәрдемдесу.

Хакатонның алғашқы күні – үздік жұмыстардың авторлары, хакатон финалистері анықталады, шеберлік сабақтары өткізіледі.

Екінші күні – финалистер қазылар алқасына өз шешімдерін таныстырады және жеңімпаздар марапатталады.

Хакатон 8 сәуірде – онлайн, ал 9 сәуірде – офлайн режимде өтеді.

Хакатон сайты –   AITU admission.astanait.edu.kz/hackaton. Мұнда барлық ақпаратты біле аласыз және «AITUHackDay-ге қатысу, өтінімдерді беру ережелерімен танысуға болады.

Хакатонға қатысу тегін.

Хакатонға жеке де, топпен бірге де қатысуға болады.

Команда өкілі/капитаны 18 жастан асқан болуы керек. Бір хакатон командасына қатысушылардың саны шектеулі – 3 адамнан аспайды.

 

Түсініктеме қалдыру