news-img

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры «Үйлесімді даму және бақытты балалық шақ – қазіргі заманауи негізгі басымдық» тақырыбында әлеуметтік идеялар мен жобалардың республикалық байқауын жариялады.

Қазақстанның түкпір-түкпірінен байқауға қатысуға әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге бағытталған коммерциялық емес ұйымдар (КЕҰ) шақырылады.

Әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауының мақсаты – ҮЕҰ қызметінің тиімділігін арттыру, өңірлердегі әлеуметтік бастамаларды белсенді ету, жергілікті деңгейде әлеуметтік, мәдени-ағартушылық жобаларды жүзеге асыру арқылы әлеуметтік мәселелерді шешу.

Бұл жылы жоба міндеттерінің қатарында:

•  балаларды қорғау мәселелерін шешу;

•  коммерциялық емес ұйымдардың үздік әлеуметтік тәжірибелері мен бастамаларын таныстыру, тәжірибе алмасу, балалармен жұмысты ұйымдастыру саласында ішкі және сектораралық серіктестікті дамыту үшін жалпыұлттық алаң ұйымдастыру;

•  балалармен жұмысты ұйымдастыру саласындағы қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдардың әлеуметтік маңызы бар азаматтық бастамаларына қолдау көрсету;

•  озық өңірлік тәжірибелер мен бастамаларды Қазақстан аумағында қайталау және іске асыру нәтижелерінен кейінгі бақылау.

Байқау келесі номинациялар бойынша қоғамдық бастамаларды қолдауға бағытталған жыл сайынғы Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі аясында өтеді:

   «Біздің таңдау құқығымыз туралы даусымызды естіңіз!»

   «Балалар алдындағы жауапкершілікті жаңғырту: болашақтың міндеті»

«Талантты ынталандыру: іске кірісіңіз, мүмкіндіктерді арттырыңыз, ресурстарды қолданыңыз!»

Дәстүр бойынша байқау үш кезеңді қамтиды:

•  I кезең ( 2022 ж. 10 ақпаннан 10 сәуірге дейін) – байқауға қатысуға құжаттарды қабылдау, бастапқы іріктеу.

•  II кезең (2022 ж. 10 сәуірден 20 сәуірге дейін) – жобаларды бағалау және ТОП-50 жобаны анықтау.

•  III кезең (2022 ж. 28–29 сәуір аралығы) – ТОП-50 жобаны қорғау және жеңімпаздарды анықтау.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар өз жобаларын жүзеге асыру үшін Қордан гранттар алады.

Толық шарттары байқау парақшасында жарияланды.

Түсініктеме қалдыру