news-img

Жаңа жыл – ең жарқын және мейірімге толы мереке. Бұл мерекені бәрінен де бұрын балалар асыға күтеді.

Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Музейінде Нұрсұлтан Назарбаев Қорының ұйымдастыруымен балаларға арналған жаңажылдық ертеңгіліктер өтті. 

Ертеңгіліктерге 300-ге жуық бала қатысты. Олардың арасында ерекше күтімді қажет ететін және көп балалы отбасылардың балалары бар. 

Балаларға арналған мерекелік бағдарлама ұйымдастырылып, әндер шырқалды. Бүлдіршіндер Аяз ата, Ақшақар және ертегі кейіпкерлерімен бірге би жаттығуларын орындады. 

Жаңа форматтағы интерактивті цифрлық медиа қойылымдар – ертеңгіліктің ерекшелігі болды. Спектакльдер қойылып жатқанда балалар суперқаһарман атанды. Ғарыш саяхатына қатысып, ғаламшарды дүниежүзілік қауіптен құтқарды. 

Ал мереке қарсаңында ұйымдастырылған шараның соңында балалардың әрқайсысы тәтті сыйлықтар алды.

Түсініктеме қалдыру