news-img

Қазақстан халқы бүгін маңызды мемлекеттік мерекені атап өтуде. Бұдан 30 жыл бұрын дәл осы күні - 1991 жылы Қазақстанда тәуелсіз ел Президентінің алғашқы бүкілхалықтық сайлауы өтті. Нұрсұлтан Назарбаев бірауыздан халықтың қолдауына ие болды.

 
Айтулы бұл дата Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің қалыптасуы мен дамуының жаңа кезеңін ашты. Ал елдің шынайы тәуелсіздігі мен егемендігі үшін алғашқы әрі аса маңызды қадам жасаған тұлға ретінде Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі тарихта алтын әріппен жазылды. Дәл осы алғашқы қадам мен содан кейінгі таңдалған бағытты дәйекті түрде жалғастыру тәй-тәй басқан жас елдің әлеуетінің артуына берік негіз қалады. 


Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық ойлау қабілетін, елдің одан әрі дамуы үшін өршіл мақсаттар қойып, оған қол жеткізуге қабілетті мемлекет қайраткері ретіндегі еңбегін айғақтайды. Бұл тәуелсіздікті нығайтуға ниетті халықты біріктіретін мереке, халық бірлігінің мейрамы.
Тұңғыш Президентке және барша қазақстандықтарға зор денсаулық, мол бақыт, ашық аспан тілейміз!

Түсініктеме қалдыру