news-img

Бүгін елордада ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Көңілдің асыл пернесі» атты шығармашылық байқаудың қорытындысы шықты.

Байқауды Нұрсұлтан Назарбаев қоры, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы, Халықаралық Түркі академиясы, М.Өтемісов атындағы оқушылар сарайы және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

2015 жылдан бері өткізіліп келе жатқан байқау жас дарындардың шығармашылық қабілетін қолдауға, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сүйікті әндері арқылы ұлттық құндылықтарды сақтауға және жастарды рухани жағынан байытуға бағытталған.

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлы құттықтау сөзінде: «Елбасы егемен елдің экономикасын дамыту, татулық пен бірлікті нығайту саясатын ұстанды. Соның арқасында Қазақстан бүкіл жылдар бойына мемлекет болып қалыптасты. Тәуелсіздік алған 30 жылдағы басты жетістік осы екенін жастар түсінуі керек. Сонымен қатар, Тұңғыш Президенттің қолдауымен елімізде ұлттық мәдениет жылдар бойы дамып келеді. Бұл тұрғыда біздің бәсекелестік те өз үлесін қосуда. Жыл сайын байқау біздің атақты мәдениет қайраткерлерін үлгі тұтатын көптеген дарынды балаларды халыққа танытады», – деді.

Биыл байқауға қатысуға 167 өтінім келіп түскен. Олардың арасында Индонезия, Ресей және Өзбекстаннан келген қатысушылар бар.

Екі жас (12-14 жас және 15-17 жас) топта төрт номинация бойынша I, II, III орын иегерлері, байқаудың Бас жүлдегері анықталды.

«Елбасының сүйікті әндерінің толқынында» (исполнение любимых песен Н.Ә Назарбаевтың сүйікт әндерін орындау):

І орын – Біржанқызы Толғанай (Нұр-Сұлтан), Сухоносова Алиса (Павлодар қаласы);

ІІ орын – Байзақ Еңлік (Шымкент қаласы), Сағатбек Жарқынай (Алматы қаласы);

ІІІ орын – Құрайысова Эльзара (Нұр-Сұлтан), Ткаченко Виолетта (Нұр-Сұлтан қаласы).

«Қасиетті домбыра» номинациясы бойынша (Елбасының сүйікті әндерін немесе оның авторлық шығармаларын домбырауының сүйемелдеуімен орындау):

І орын – Махмутова Ақнұр (Нұр-Сұлтан қаласы), Асығатұлы Шыңғыс (Павлодар облысы);

ІІ орын – Өміртайқызы Аружан (Нұр-Сұлтан қаласы), Олжабай Жанболат (Нұр-Сұлтан қаласы);

ІІІ орын – Ерсайын Ерсұлтан (Нұр-Сұлтан қаласы), Сақы Айым (Маңғыстау облысы).

«Ән адаммен қалады...» (қазақ халқының музыкалық мұрасын және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің сүйікті әндерін қазақ тілінде насихаттау):

І орын – Джесика Аурелия (Индонезия), дуэт «Gaben» (Индонезия);

ІІ орын – Алекс Кунг (Индонезия), Тауыпалдиев Дастанбек (Өзбекстан);

ІІІ орын – Евтеева Юлия, Решетняк София, Толочилина Алина (Ресей).

«Бабамнан қалған кең дала» (Н.Ә.Назарбаевтың авторлық әндерін орындау):

І орын – Смағұлов Данияр, Музафар Гауһар, Амантаева Жансая (Павлодар қаласы), Увайдулла Ағаділ (Түркістан облысы).

Байқаудың Бас жүлдесі – Мансұр Рамазан (Нұр-Сұлтан).

Байқау жеңімпаздарына сыйлықтар мен дипломдар табысталды.

Түсініктеме қалдыру