news-img

Биылғы XVII Еуразиялық Медиафорум онлайн түрде өтіп жатыр. Жиынға әлемдік және қазақстандық жетекші БАҚ өкілдері, халықаралық сарапшылар, саясаткерлер, ғалымдар, қоғам және мәдениет қайраткерлері қатысып отыр.

«Соңғы 2 жыл күрделі мәселелерді талқылау және оны шешу жолын іздеуде біріге отырып әрекет ету адамзат үшін маңызды екенін көрсетті. Сонымен қатар, бүгінде трендтер тез жаңарып, жаңа ғана оқыған ақпарат өзектілігін жоюда. Форум пандемия кезінде әлемдік қауымдастық үшін маңызды мәселелерді көтеріп, қайсысына ерекше назар аудару керектігін анықтауға және әрі қарай не істеу керектігін түсінуге арналған. Біз өмірдің әртүрлі салаларына қатысты, бірақ әрқайсымыздың өмірімізге әсер ететін тақырыптарды бір алаңға топтастырдық. Форумды өткізуге қолдау көрсеткен серіктестерімізге алғысымызды білдіреміз», - дейді EAMФ бас директоры Алмагүл Ахметжанова.

Еуразиялық медиафорум бағдарламасы үш күнге жалғасады. Бірінші күні «Digital-дағы әлеуметтік жобалар: тиімді құралдар мен үздік тәжірибелер» шеберлік сыныбы аясында Digital продюсер, Jokeasses командасының мүшесі Бексұлтан Қазыбек әлеуметтік желілерде жобаны ілгерілету тәжірибесін бөлісті.

«КЕҰ және әлеуметтік сторителлинг үшін бейнематериалдар жасау» шеберлік сыныбы барысында Ұлыбританиядан келген деректі киноның авторы Клементин Мальпас қақтығыс болған жерде тұратын адамдардың қатал болмысын көрсететін, адами құндылықтарды нығайтуға ықпал ететін фильмдермен жұмыс туралы айтты.

Бүгінгі форум барысында Macat International Ltd (Ұлыбритания) негізін қалаушы «Неліктен сыни ойлау соншалықты маңызды?», журналист, NTV (Түркия) халықаралық жаңалықтар бөлімінің басшысы Ахмет ЕШИЛТЕПЕ «Түркітілдес елдердің БАҚ-ы. Қазіргідей жағдайда ынтымақтастықты дамыту», Еуропалық жаңалықтар академиясының (Ұлыбритания) оқытушысы Сергей Становкин «БАҚ аудиториясы – өзара іс-қимыл форматтары» тақырыбында сөз сөйлейді.

Түсініктеме қалдыру