news-img

2021 жылдың 15-17 қыркүйек аралығында XVII Еуразиялық Медиа Форумы өтеді. Жиынға  қазақстандық және әлемдік жетекші БАҚ өкілдері, халықаралық сарапшылар, саясаткерлер, ғалымдар, қоғам және мәдениет қайраткерлері қатысады.   

Еуразиялық медиафорум бағдарламасы үш күннен тұрады. Бірінші күн әлемге танымал сарапшылардың практикалық шеберлік сабақтарына арналады. Сондай-ақ Форумның бірінші күні аясында дәстүрлі дөңгелек үстел ұйымдастырылады. Жиында «Түркітілдес елдердің БАҚ-ы. Қазіргідей жағдайда ынтымақтастықты дамыту» тақырыбы талқыланады.

Форумның екінші және үшінші күндері әлемдік саясат пен экономика, БАҚ, экология, білім және футурология сияқты салаларды қамтиды. Танымал халықаралық және қазақстандық сарапшылар пандемияның жаһандық үдерістер мен адами қарым -қатынасқа әсерін, медиа мен технология саласындағы тенденцияларды, нақтыланбаған ақпараттың шамадан тыс көп болу проблемасын, бүгінгі экологиялық күн тәртібін, сондай -ақ болашақ әлемнің келбетін талқылайды.

Екінші күннің  қатысушыларын 4 сессия күтеді,оның ішінде:

• «Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған сессия»;

• «Пандемия әлемді қалай өзгертті және жаһандық өмір сүрудің жаңа бағыттарын қалай анықтады?!»;

•  «Ақпарат көп - шындық аз»;

• «Жасыл стратегия. Тағы бір соңғы мүмкіндік».

Үшінші күн жоспарындағы 4 сессияда да маңызды мәселелер талқыланатын болады:

  • «Ашушаңдық дәуірі. Әлемді билеп тұрған кім?»;
  • «Медиа және технологиялар. 2021 трендтері»;
  • «Еңбек нарығының болашағы және білім»;

• «Орындалған келешек әлемі», алдағы Форумның қорытынды сессиясы.

Eamedia.org сайтында қатысушыларды тіркеу басталды. Сол жерден спикерлер мен сессиялар және хабар тарату туралы ақпарат алуға болады.

EAMФ бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ.

Әлеуметтік серіктес - «Samruk Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

Ресми серіктес - Eurasian Resources Group (ERG).

 

Жансая Төлеухан, 8(778) 254-60-04, pr@eamedia.org

Әсел Мираева, 8 (747) 757-57-35, info@eamedia.org

Түсініктеме қалдыру