news-img

Нұрсұлтан Назарбаев қорының баспасөз қызметі. Алматы. 1.09.21 – 2021 жылы 8-10 аралығында Алматыда «Тәуелсіз Қазақстанның зияткерлік әлеуеті: қалыптасуы мен дамуына 30 жыл» І Халықаралық  жас ғалымдар форумы өтеді. Ірі ғылыми шараны Нұрсұлтан Назарбаев қоры жанындағы Ғылыми кеңес ұйымдастырады. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы мен ҚР Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Форумды өткізуге қолдау көрсетіп отыр.

 «Тәуелсіз Қазақстанның зияткерлік әлеуеті: қалыптасуы мен дамуына 30 жыл» I Халықаралық жас ғалымдар форумына 14 елден 200-ге жуық спикер мен баяндама жасаушылар қатысады. Олар: Қазақстан, Беларусь, Ұлыбритания, Германия, Канада, Қытай, Латвия, Португалия, Ресей, АҚШ, Тәжікстан, Түркия, Украина, Франция елдерінен келеді.

Ғылыми форумның мақсаты – ғалымдарды, саясаткерлерді, өндіріс жетекшілерін, азаматтық қоғам мен БАҚ өкілдерін жинап, ұлттық ғылымды дамытудың өзекті мәселелерін талқылау.

Форумның бағдарламалық іс-шаралары барысында Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріне талдау жасалады. Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздегі ғылым мен білім саласында жүргізіп отырған саясатының негізгі нәтижелерінің бірі – жас ғалымдардың тұтас ұрпағының қалыптасуы. Олар алдағы шараның негізгі қатысушылары болады. Жас ғалымдар ғылыми жобалар көрмесінде өз идеяларын ұсынады. Сонымен қатар, «Жасыл әлем» және «Тұлға мен қоғам» ғылыми сессияларында саланы дамытуға арналған бастамалар мен ұсыныстарын айтады.

Мемлекеттік органдардың, Қазақстанның және көршілес елдердің Ғылым академияларының өкілдерінің қатысуымен өтетін «Мемлекет, ғылым мен бизнестің өзара әрекеті – елдің инновациялық дамуының негізгі факторы» Пленарлық сессиясы форумның негізгі іс-шарасы болады.

Форумда үш күн бойы: ғылым мен кәсіпкерліктің ынтымақтастығы туралы ашық дәрістер, ғылымды насихаттаушылардың ғылыми-көпшілік шеберлік сағаттары, ғылыми жетістіктер көрмесі мен еліміздің жас ғалымдарының шоу-кейстері ұйымдастырылады. Ғылымның дамуы, интеллект және медицинадағы Big Data бойынша конференция және дөңгелек үстелдер өтеді.

Ғылым жолындағы алғашқы қадамдарын енді бастаған студенттер мен магистранттар бірінші республикалық кәсіпкерлік диктант, «Science Slam - Қазақстан» интеллектуалды сайысын және инновациялық бизнес-жобалары бойынша «Молодежный Start UP» байқауына қатысып жатқандар бұл форумға келеді деп жоспарлануда.

Ауқымды шара Нұрсұлтан Назарбаев қорының ғылыми байқауларының жеңімпаздарын марапаттаумен аяқталады.

Форум жас ғалымдарға өз құзыреттілігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретінін естеріңізге саламыз! Форум арқылы ғылыми өнімдерге сұранысты арттыруға, мемлекет тарапынан бизнеске қолдау табуға мүмкіндік болады.

Жалпы, форумның көптеген іс-шараларына scienceforum.kz сайтына тіркелгендер тегін қатыса алады. Бұл форум – тыңдаушы үлкен аудиторияға арналған.

Ғылыми форум гибридті форматта өтеді: Алматыдағы Нұрсұлтан Назарбаев қорының өкілдігінде барлық санитарлық нормаларға сәйкес өткізіледі. Форумды онлайн режимде, scienceforum.kz  сайтындағы тікелей эфир арқылы көруге болады.

Форумға Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна-Қазақстан институты, Астана IT университеті, Тұран университеті, Каспий қоғамдық университеті, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, «Болашақ» университеті, Қазақстанның жас ғалымдар-педагогтарының қауымдастығы, Қызылорда облысы цифрлық технологиялар басқармасының «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ.

Ғылыми форумның ашылу салтанаты 2021 жылы 8 қыркүйекте Нұр-Сұлтан уақытымен 12: 00-де басталады.

Бағдарлама жайлы толық мәліметтерді scienceforum.kz. сайтынан біле аласыз!

 

БАҚ өкілдерін аккредиттеу мына байланыс нөмері: Артур Жумашев, +7 708 960 56 13 немесе pr.zhumashev@gmail.com поштасы арқылы жүзеге асады.

Түсініктеме қалдыру