news-img

20 қарашада Алматыда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры қолдауымен Еуразиялық технологиялық университеті ұйымдастырған  «Инженериядағы инновациялық технологиялар» атты ғылыми – техникалық конференция өтеді.

 

Инженерия саласындағы сарапшылар Қазақстан өнеркәсібіндегі стандарттау мен сертификаттаудың маңызын егжей-тегжейлі қарастырып, елдің машина жасау жағдайын және ғылымның одан әрі дамуындағы рөлін талқылайды, энергия үнемдеудің заманауи нұсқаларын көрсетеді.

 

Үш секция барысында конференцияға қатысушылар инженериядағы (машина жасау, электр энергетикасы, көлік техникасы, стандарттау және сертификаттау) өндірістік мәселелерді тиімді шешу бойынша кеңінен талқылау жүргізеді және оларды өмірге енгізуге жәрдемдесу мақсатында жаңалықтардың рентабельділігіне талдау жасайды.

 

Сондай-ақ, форум аясында инженериядағы бәсекеге қабілетті әзірлемелер мен озық технологиялар ұсынылады. Ғылыми-техникалық жұмысқа инженерлік-техникалық қызметкерлерді, жас ғалымдарды, бейінді жоғары оқу орындарының студенттерін тарту мәселесіне ерекше назар аударылатын болады.

 

Ғылыми-техникалық конференцияның негізгі спикерлері «Агроинженерия ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС ғылыми хатшысы Ғани Жұматай, «Алматы Электрощит зауыты» ЖШС бас инженері Ілияс Дюсебаев, ҚазҰАУ «Энергия үнемдеу және автоматика» кафедрасының меңгерушісі Жандос Шыныбай, ЕТУ Инжинирингінің білім беру бағдарламаларының аға оқытушысы Владимир Лаптев болып табылады.

 

Шара қазақстандық жастардың шығармашылық және инновациялық әлеуетін ынталандыру, студенттер мен жас ғалымдардың өндірістік белсенділігін анықтау және арттыру, оқушылар мен оқытушылардың зияткерлік қызметін дәріптеу мақсатында өткізіледі.

 

Конференция қорытындысы бойынша ұйымдастырушылар студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттырып, СҒЗЖ байқауларына қатысуын жандандыруға үміттенеді.

 

Күні мен уақыты: 9:00, 20 қараша 2019 ж.

 

Өтетін орны: Алматы қаласы, Төле би көшесі, 109б, Еуразия технологиялық университеті.

 

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорын

баспасөз қызметі

PR-менеджер Жұмашев Артур

+7 708 960 56 13, a.zhumashev@fpp.kz

www.fpp.kz

 

Түсініктеме қалдыру