news-img

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының Қорының атқарушы директоры Асет Исекешев Назарбаев университетінің Мемлекеттік саясат жоғарғы мектебінің магистрант-студенттерінің бітіру салтанатының құрметті қонағы болды.

          Жоғарғы мектептің 49 түлегі өздерінің армандаған дипломдарын қолдарына алды. Оның қызметінің ерекшелігі, мұнда әлем бойынша үздік мемлекеттік саясат мектептерінің негізгі компоненттерінен ұратын инновациялық оқу әдістерінің қолданылуы болып табылады. Кәсіптік білім экономика, саясаттану, халықаралық қатынастар, басқарудағы тәжірибелік бейімделуге бағытталып беріледі. Көшбасшылық дағдыларға оқытуға ерекше назар аударылады.

Сондай-ақ мектеп жұмысының аясында 2017 жылы іске қосылған мемлекеттік саясат саласындағы PhD бағдарламасы бар. ол академиялық мансапқа немесе зерттеу мекемелерінде жұмыс істеуге мүдделі адамдарға арналған.

Түлектерді беделді жоғары оқу орнын аяқтауларымен құттықтай отырып, Асет Исекешов былай деді: «Сіздер еліміз үшін маңызды уақытта университетті тәмамдадыңыздар. Қазір Қазақстанда экономика, әлеуметтік сала, аймақтық саясат және мелекеттік басқару жүйесінде жаңғырту мен реформалар жүргізіліп жатыр. Және оны сәтті жүзеге асыру үшін бізге мемлекеттік басқарушылардың жаңа буыны қажет. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев бұл туралы үнемі айтады. Сауатты бақарушыларсыз, өз істерінің мамандарысыз мықты мемлекет құру мүмкін емес. Сіздердің мемлекеттік қызмет жүйесінде лайықты орын алып, оқу барысында алған білімдеріңіз бен тәжірибелеріңізді еліміздің игілігіүшін сәтті қолдана алатындарыңызға сенімдімін».

Өз кезегінде, Назарбаев университетінің президенті Шигео Катсу әрдайым жаңа білімдерге ұмтылып, патриот болуға шақырды: «Біздің университет сіздерге қажетті білімдер, дағдылар берді деп үміттенемін, бірақ оқуды жалғастырыңыздар! Өздеріңізге қызметтеріңіздегі жаңалықтар туралы сұрақтар қойыңыздар. Жалақы маңызды, бірақ басқа да мотивация  бар. Қоғамның дамуына үлес қосу қажет…».

Жалпы, биылғы жылы оқу орнын 963 студент бітірді, оның ішінде 565 студент бакалавриат бағдарламалары бойынша, 378 студент магистратура бағдармалары бойынша, 14 медицина докторлары (MD) және 6  PhD докторантура бағдарламалары бойынша студенттер.

Медиа жаңалықтар
Түсініктеме қалдыру