news-img

Нұрсұлтан Назарбаев қоры жанындағы Қарасай ауданының білім беру қоры ұйымдастыратын және өткізетін, ең танымал пәндік олимпиадалардың бірі – математика пәнінен олимпиада.

Осы пән бойынша олимпиада 10 жылдан астам уақыт бойы, жыл сайын жүзден астам қатысушыны жинап келеді.

18 ақпанда онлайн форматта, proctoring.sdu.edu.kz веб-сайтының Moodle платформасында, Алматы облысы, Қарасай ауданындағы жалпы білім беретін мектептердің 11 сынып оқушылары үшін математикадан олимпиада өтті.

Олимпиада комиссиясының төрағасы - Қарасай ауданының білім беру қорының атқарушы директоры Исраилов Еркін Дәулетұлы.

Комиссия мүшелері оқу орталықтарының басшылары, жоғары оқу орындарының аға оқытушылары болды.

Олимпиадаға қатысу үшін 28 мектептен 116 сұраныс берілді. Олимпиаданың тапсырмалары жазбаша түрде орындалуы керек еді.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша Турганбаев Оразбай  олимпиаданың жеңімпазы болып танылды (Бейсебаев атындағы орта мектеп); Екінші орын Адилет Алдабергеновке бұйырды (Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп-гимназия);  Үшінші орынды Касымов Рамазан  иеленді (Қосынов атындағы орта мектеп)


 
Түсініктеме қалдыру