«Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы»
Толығырақ
«Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады»
Толығырақ
«Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны»
Толығырақ
«Менің Ұлт Көшбасшысы ретіндегі мақсатым – Қазақстанды болашақ ұрпақ мақтана алатындай деңгейге көтеру»
Толығырақ
news-img

«Елбасы медалі» бағдарламасына қатысу бойынша сұрақтар келіп түсетіндіктен, ең көп қойылатын сұрақтардың жауабын жариялаймыз.

 

Мен медаль ала аламын ба?

Ия, егер өз деңгейіңіздегі барлық тапсырмаларды орындасаңыз және есептерді уақтылы тапсырсаңыз.

 

Мен қола деңгейді аяқтадым. Маған қашан медаль беріледі?

Медаль иегерлерінің тізімі қатысушыларды марапаттау жөніндегі комиссия отырысынан кейін анықталады. Комиссия жақын арада нәтижелерді қарап, Елбасы медалі иегерлерінің есімдерін атайды. Медаль табыстау мерзімі олардың жасалуына және өңірлер бойынша жеткізілуіне байланысты. Бұл туралы қосымша хабарланады.
 

Call-орталыққа неге хабарласа алмай жүрмін?

7170 нөмірі бойынша Call-орталық қаңтар айының соңына дейін уақытша қолжетімсіз. Барлық сұрақтарды elbasymedali@elumiti.kz поштасына, техникалық сипаттағы сұрақтарды me-support@elumiti.kz поштасына жолдай аласыз. Call-орталықтың жұмысы қалпына келтірілген соң міндетті түрде хабарлаймыз.

 

Неге кейбір қатысушыларға медальдар табысталды, ал маған берілген жоқ?

Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, медальдарды кезең-кезеңмен табыстау туралы шешім қабылданды.

Қатысушылардың есептерін тексергеннен кейін қола деңгейді аяқтағандардың барлығына медаль беріледі.

 

Менің жеке кабинетімде проблемалар бар. Қайда хабарласуым керек?

Техникалық сипаттағы сұрақтарды me-support@elumiti.kz эл. мекен жайы бойынша қолдау қызметіне жолдай аласыз.

 

Барлық қатысушылардан жеке кестеге сәйкес тапсырмаларды орындауды жалғастыруды сұраймыз. Өйткені, ең бастысы - мақсатқа жету барысында алған біліміңіз бен тәжірибеңіз.

Сіздерге Жаңа жылда табыс тілейміз! Біздің сайттан жаңалықтарды оқып, әрдайым хабардар болыңыз.

Түсініктеме қалдыру
comments-author-avatar
Өтиниш калдырдым барды бармады калай билемин. Бул жоба битип калган жок па? Мен казир гана бердим отиниш

comments-author-avatar
Сәлеметсіз бе?
14 күн ішінде сізге почтаңызға хат келеді . Егер келмеген жағдайда 7170 номеріне хабарласыңыз . Қаңтар айынан кейін .

comments-author-avatar
Сәлеметсіз бе? Менде қатыссам деймін. Қалай?Қашан?қатысуға болады?

comments-author-avatar
Сәлеметсіз бе? 
me.fnn.kz сайтында өтініш бере аласыз .

comments-author-avatar
Тапсырманы каншасынан бастап коямыз

comments-author-avatar
Здраствуйте, мне 13 лет через пол года 14, так вот я могу учавствовать в медали Ельбасы ? То есть подать заявку прямо сейчас на участие

comments-author-avatar
простите за беспокойство
мне 15 лет
и я пытался подать заявку на медаль елбасы
вся информация была правильно написана
после того как я нажал/отправил заявку
кнопка отправить заявку стала серой
и такой и осталось 
(как мне объяснили после отправки заявки мне должно было прийти уведомление/сообщение на страницу но оно не пришло )
(прошло уже 2 дня и я снова попытался отправить заявку но результат тот же)
как решить эту проблему

comments-author-avatar
У меня тоже такая проблема))