«Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы»
Толығырақ
«Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады»
Толығырақ
«Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны»
Толығырақ
«Менің Ұлт Көшбасшысы ретіндегі мақсатым – Қазақстанды болашақ ұрпақ мақтана алатындай деңгейге көтеру»
Толығырақ
news-img

АЛМАТЫ. НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚОРЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ. 7-26 қараша аралығында Қазақстанда шығармашыл жастардың «ЖасSTAR» халықаралық фестивалі өтті. Фестиваль аясында 35 мәдениет және өнер қайраткерлерінің қатысуымен 14 шығармашылық вебинар өтті. Фестивальді Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ұйымдастырды.

7-26 қараша аралығында Қазақстанда шығармашыл жастардың «ЖасSTAR» халықаралық фестивалі өтті. Фестиваль аясында 14 вебинар, онлайн-пікірталас, театр өнері, кино, поэзия, әдебиет, фотография, заманауи өнер және креативті индустрия саласындағы artist talks өтті.

Қатысушылар мен сарапшылардың пікірінше 10 жылдан бері  Нұрсұлтан Назарбаев Қорының дәстүрлі  және жарқын жобасына айналған шығармашыл жастардың  «ЖасSTAR» халықаралық фестивалі биылғы жылдың өзгерістеріне байланысты онлайн форматта өтті.

Жаңа форматтың өзіне тән артықшылықтары да бар: Қазақстанның ең шалғай бұрыштарынан қатысуға тілек білдірген мыңдаған қатысушылар фестиваль пікірталастарына өздерінің смартфондарының экрандары арқылы қосыла алды. Бүгінгі таңда «ЖасSTAR» тікелей эфирлері 70 мыңнан астам қаралды. Сонымен қатар, эфирлік жазбалар YouTube-те тегін қол жетімді және ұзақ жылдарға шығармашылық мамандық студенттері үшін пайдалы практикалық оқу материалы ретінде қызмет етеді.

Фестиваль сарапшыларының бірі, Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА аға оқытушысы, PhD Юлия Сорокина: «Пандемия біздің өмірімізді түбегейлі өзгертті. Нұрсұлтан Назарбаев Қоры осы күрделі кезеңде шығармашыл жастар үшін өнер саласында жаңа білім беру серпінін бере алғаны маңызды. Ал басқа елдерден кәсіби мамандарды тартудың арқасында біз ақпараттық өрісті кеңейтеміз. Үйден және әлеуметтік желіден шықпай-ақ қызықты көркем өнімді жасауға және тұтынуға болатындығы белгілі болды», - деп пікірімен бөлісті.

Үш апта бойы Қазақстан, Ресей, Грузия және Өзбекстаннан келген 35 сарапшы, белгілі мәдениет қайраткерлері өздерінің бірегей шеберлік сыныптарын өткізіп, қатысушылардың сұрақтарына тікелей эфирде жауап берді. Қазіргі заманғы мәдениет пен өнер әлемінің танымал кәсіпқойлары – Мариин театрының жетекші солисі Михаил Векуа, Еуропа киноакадемиясы мүшесі, кинорежиссер Әділхан Ержанов, продюсер Серік Әбішев, фотодокументалист Сергей Максимишин, актер Елжас Рахым, Қазақстан қолөнершілер одағының президенті Айжан Бекқұлова, қазіргі заман өнерінің кураторы Ирена Попиашвили және тағы басқалар фестиваль қатысушыларымен өздерінің баға жетпес тәжірибелерімен, білімдерімен және табыс құпияларымен бөлісті.

Вебинарлар барысында әдебиет, бейнелеу өнері, музыка, кино және фотография сияқты салаларда өзінің шығармашылық жолын енді ғана бастаған жастарға арналған көптеген пайдалы кеңестер айтылды:

  • Ең алдымен өзіңізді тарих жасаушы ретінде сезініңіз. Сценарий мұқият дайын болмай, кино түсіруге асықпаңыз. Вячеслав Ширяев, продюсер, сценарист, режиссер.
  • Жақсы фильмдер түсіру үшін әлемдегі барлық құрал-жабдықтың болуы міндетті емес. Құрал неғұрлым аз болса, соғұрлым өзіңнің қайталанбас стилің пайда болады.  Әділхан Ержанов, кинорежиссер, сценарист.
  • Көру және оқу бірегей көріністі тудырады. Біз мәдениетке барынша еніп, қазіргі қоғамда болып жатқан процестерге мұқият болуымыз керек. Анна Гудкова, шығармашылық продюсер, жазушы.
  • Қиын жолмен жүру керек. Себебі бәсекелестік аз болады. Әдемі карталар емес, қызықты әңгімелер жарияланады. Сергей Максимишин, фотодокументалист.
  • Халықаралық жобаларды іске асыру туралы ойлаңыз, жергілікті шекарадан шығуға тырысыңыз. Ирена Попиашвили, тәуелсіз куратор, өнертанушы.
  • Міндеттеме. Сіз өзіңіздің кәсібіңізге адал болуыңыз керек және берілмеуіңіз керек! Елжас Рахым, актер, сценарист.

Фестиваль қонағы – Мариин театрының жетекші солисі Михаил Векуа да барлық қатысушыларға өз тілегін білдірді: «Құрметті фестиваль қатысушылары, сіздер үшін болашаққа бағдар жасауға бірегей мүмкіндік жасалды. Фестиваль аясында Қазақстан тұрғындары үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін жұмыс істейтін бірегей даму платформасы жұмыс істейді! Өз еліңіз үшін қуанышпен және мақтанышпен жасаңыз!».

Естеріңізге сала кетейік, «ЖасSTAR» фестивалінің байқау бағдарламасы жалғасуда және жас қазақстандықтар 1 желтоқсанға дейін қатысуға өтінім бере алады. Жеңімпаздарды ақшалай сыйлықтар күтуде: 1 орын – 300 000 теңге; 2 орын – 200 000 теңге; 3 орын – 100 000 теңге. Байқау шарттары туралы толығырақ jasstar.kz сайтынан білуге болады.

Барлық сұрақтар бойынша  info@jasstar.kz электронды поштасына хабарласыңыз:

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының
Алматыдағы өкілдігі

PR-менеджер Артур Жұмашев
e-mail: pr.zhumashev@gmail.com
+7 708 960 56 13

Түсініктеме қалдыру