news-img

Бүгін «Nazarbaev ortalygy» Даму орталығында жоғары сынып оқушылары арасында өткен «Кім білгіш?» зияткерлік-танымдық ойыны бойынша халықаралық онлайн-турнирдің финалдың кезеңі мен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен Мемлекеттік тілді дамыту қоры ұйымдастырған турнирге еліміздің және жақын шетелдің 3000-нан астам оқушысы қатысты.

Зияткерлік біріншілік 9,10,11 сыныптардың ең білімді балаларын анықтауға және көтермелеуге, танымдық қызығушылықты жандандыруға, жастардың мәдени-білім деңгейін арттыруға бағытталған.

2016 жылдан бастап өткізілетін турнир жыл сайын спорт, XX ғасыр, XXI ғасыр, дөңгеленген әлем, өнер, Қазақстан тарихы, Қазақстан табиғаты, денсаулық, ғылым тақырыптарын қамтыған 40 000-ға жуық сұрақ жүктелген мобильді қосымша түріндегі ойын бойынша өткізіледі. Ойын барысында қатысушылар таңдалған тақырып бойынша сұрақтарға жауап берді (ойыншының қалауы бойынша қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде).

«Турнир жыл сайын білімді балаларды анықтайды, осылайша олардың жаңа дүниелерге деген ынтасын оятады. Жыл сайын жарысқа еліміздің барлық өңірінен мыңдаған оқушы қатысқаны бізіді қуантады. Біріншілік өзін және өз білімін көрсетуге мүмкіндік береді, бұл олардық болашақ өміріне қажет болатын білім», - деп атап өтті Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев.

Биыл ойынның I және II-турлары жазғы демалыс кезінде қашықтан, онлайн режимде өткізілді.

Осылайша, қазақтілді ойыншылар арасында 1 орынға Түркістан облысының Күлтөбе негізгі орта мектебінің 9 сынып оқушысы Жолтай Гүлайым, 2 орынға Ақмола облысының №2 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Қантай Даулет, 3 орынға Ақмола облысының №2 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Асылбек Ботакөз ие болды.

Орыстілді ойыншылар арасында 1 орынға Павлодар облысы, Ақсу қаласы, №4 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Седова Анастасия, 2 орынға Павлодар облысы, Ақсу қаласы, №8 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Новак Мария, 3 орынға Жамбыл облысы, Тараз қаласы, №3 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Орынбасар Асыл ие болды.

Турнирдің жеңімпаздарына «2020 жылдың ең ақылды оқушысы» атты арнайы диплом мен ноутбук сияқты бағалы сыйлықтар табысталды.

Финалға қатысқан Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, №38 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Дархан Камила, Алматы қаласы, №176 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Жалғас Нұрайдан, Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Бірлік ауылы, Қ.Рысқұлбеков орта мектебінің 11 сынып оқушысы Төлебай Тоқжан, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, №46 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Күлімбетов Қабланбек, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Бекин Омар арнайы диплом мен смартфонға ие болды.

 

Түсініктеме қалдыру