news-img

«Елбасы Академиясы» КҚ ақпараттық жүйені жүзеге асыру мақсатында ең үздік ұсынысты анықтайтын байқауға өтінім қабылдау мерзімі аяқталғанын хабарлайды.

Естеріңізге сала кетейік, өтінім қабылдау мерзімі 2020 жылдың 18-ші қыркүйегінен 2-ші қазанға дейін жалғасты. Байқауға қатысуға бағдарлама өнімдерін әзірлеп, қолданысқа еңгізетін отандық IT компаниялар шақырылды.

Қатысушылар «El Úmiti сандық платформасы» ақпараттық жүйені жүзеге асыру бойынша өз шешімдерін ұсынуы қажет еді. Байқаудың мақсаты – қашықтықтан оқытуға, білім деңгейін анықтауға, біліктілікті арттыруға арналған сондай-ақ, тұтынушылардың өз беттерінше білім алуына мүмкіндік беретін ашық қорды ұйымдастыратын жоба қатысушысын (мердігерді) анықтау.

Байқаудың келесі кезеңі — «Елбасы Академиясы»  КҚ байқау комиссиясының отырысы. Байқау жеңімпазы сол жерде анықталатын болады. Үздік компаниямен «El Úmiti сандық платформасы» ақпараттық жүйені жүзеге асыру жөнінде келісім-шартқа қол қойылады.

Түсініктеме қалдыру