news-img

АЛМАТЫ. НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚОРЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ. 07.10.20 Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы саябақта «Ел есінде, мақтан тұтамыз!» патриоттық акциясының аясында  «ҰОС қатысушылары алеясы» ашылды. Екі жүз түп ағашты  отырғызу және мемориалдық тақта орнату бастамасын  Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қолдауымен «Генералдар кеңесі» Республикалық қоғамдық бірлестігі көтерді. Жобаға сондай-ақ «ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері және соғыс балалары кеңесі» ҚҚ мен Алматы әкімдігі ат салысты.

Аллеяны құру идеясы «Генералдар кеңесі» РҚБ президиумының мүшесі, генерал-майор Алмасбек Сейітұлы Әбдірахмановқа тиесілі.

- Мұнда екі жүз үйеңкі көшет отырғызылды. Жылдар өтеді, көп нәрсе ұмытылады, бірақ үйеңкі көлеңкесінде демін алған жан жауынгер ерлігі туралы бір сәт ойланады. Көп кісі маған жеңімпаздардың құрметіне әр ағашқа  жеке есімдер беруді ұсынды.  Бірақ мен мұны дұрыс көрмедім. Бізде батыр көп, ал ағаштар бар болғаны 200. Егер жауынгердің бір ұрпағы өз атасының есімін таппаса, бұл дұрыс болмайды. Аллея әр жауынгердің ерлігіне көрсетілген құрмет болуы керек, - деді аллеяның ашылуы салтанатында Алмасбек Абдрахманов.

Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандықтарды еске алуға соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері, әскери қызметтің генералдары мен ардагерлері, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клуб тәрбиеленушілері, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйым өкілдері, журналистер мен саябаққа келушілер жиналды.

- Көптеген жылдар бойы Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен «Генералдар кеңесі» Қазақстан жастарын патриотизм рухында тәрбиелеу саласында ынтымақтастық орнатып келеді. Жас қазақстандықтардың бойында жоғары патриоттық сананы, өз Отанына деген адалдық сезімін қалыптастыру – аға  ұрпақтың болашаққа деген қамқорлығы, бұл Қазақстанның ұлттық идеологиясына қосқан ерекше үлесі. Өз міндетімізбен Отанға деген сүйіспеншіліктің асқақ сезімін дарытуды ғана емес, сондай-ақ жаңа ұрпаққа рухани-адамгершілік бағдарлардың мәні мен мазмұнын көрсету мүмкіндігін де көріп отырмыз. «Ел есінде, мақтан тұтамыз!» халқымыздың ерлігі мен ұлы ерлігінің үлгісін көрсетеді. Ал «Ұлы Отан соғысына қатысушылар аллеясы» соғысқа қатысушылардың ерлігін мәңгі есте сақтайды, - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев Қорының Алматы қаласындағы өкілдігінің директоры Сергей Тоқтаров.

Айта кетейік, аллеяның тұсаукесері Жеңіс күні қарсаңына жоспарланған болатын, бірақ карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты ол кейінге қалдырылды.

- Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын біз жыл бойы атап өтеміз. Пандемия біздің жоспарымызға түзетулер енгізгеніне қарамастан,  біз осындай жарқын және шуақты күнде баршаға ортақ әрі пайдалы «ҰОС қатысушылар аллеясы» жаңа жобасын таныстыруға қуаныштымыз. Жыл бойы біз  жастардың қатысуымен «Ел есінде, мақтан тұтамыз!» акциясын өткізіп келеміз. Бұл ағаштар көктемде әскери мекемелердің курсанттарының ат салысуымен отырғызылды. Жас ұрпақ бабаларының ерлігіне құрметпен қарап, ағаштардың жайқалып өсетініне сенімдімін,-деп қорытындылады сөзін «Генералдар кеңесі» РҚБ президиумының төрағасы, генерал-майор Махмұт Телеғұсов.

Айта кетейік, «Ұлы Отан соғысына қатысушылар аллеясы»  ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақтың батыс бөлігінде орналасқан.

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының
Алматыдағы өкілдігі
PR-менеджер Артур Жұмашев
e-mail: pr.zhumashev@gmail.com
+7 708 960 56 13

 

Түсініктеме қалдыру
comments-author-avatar
Отличная новость!

comments-author-avatar
Согласна!
comments-author-avatar
Согласны!
comments-author-avatar
!