news-img

АЛМАТЫ. НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚОРЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ. 6.10.20 – 7 қазан, сағат 11:00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы саябақта Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен «Генералдар кеңесі» Республикалық қоғамдық бірлестігі және «ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері және соғыс балалары кеңесі» ҚҚ ұйымдастыруымен «Ел есінде, мақтан тұтамыз!» атты патриоттық акция өтеді.

Әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып және қатысушылар саны шектеулі болатын патриоттық акция барысында саябақ аумағында мемориалдық тақта орнатылып,   «Даңқ аллеясы» ашылады.

Акция мақсаты Ұлы Отан соғысына қатысушы қазақстандықтардың  ерліктерін мәңгі есте сақтау, , соғыстың әрбір сарбазының ерлігі мен батырлығына, жеңімпаздар ұрпағына құрмет көрсету.

Айта кетейік, Қазақстанның көптеген қалаларында, атап айтқанда, Батыс Қазақстан облысында және Сталинград шайқасы кезінде майдан маңы аймағы саналған аудан орталықтарында Даңқ аллеялары, Батырлар аллеясы, Жауынгерлік Даңқ саябақтары және соғысқа қатысушылардың жекелеген санаттарының ерлігі мен батырлығын көрсететін басқа да мемориалдық құрылыстар бар. Алматыда мұндай орын Мәскеу қаласы қорғаушыларының жаппай ерлігін насихаттайтын 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябағы.

ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақта орналасатын Ұлы Отан соғысының  қатысушылар аллеясы сарбаздардың ерлігі туралы естелік болады. Олар келер ұрпақтың бейбіт өмірі үшін Отан үшін отқа түскен батырлар. 

Патриоттық акцияға Ұлы Отан соғысының ардагерлері, әскери қызметтің генералдары мен ардагерлері, «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық клубының  тәрбиеленушілері, ҮЕҰ өкілдері қатысады.

Өткізу күні мен уақыты:
30 қыркүйек, сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін

Өтетін орны: 
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы саябақ, Дулати даңғылы, 1.

«Генералдар кеңесі»  РҚБ байланыс телефоны: +7 (727) 272-37-89

email: sovetgen@mail.ru

 

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының
Алматыдағы өкілдігі

PR-менеджер Артур Жұмашев
e-mail: pr.zhumashev@gmail.com
+7 708 960 56 13

Түсініктеме қалдыру