news-img

«Елбасы Академиясы» Корпоративтік қоры ақпараттық жүйені жүзеге асыру бойынша ең үздік ұсынысқа байқау жариялайды. Байқауға бағдарламалық өнімдерді әзірлеу және іске асыру бағытында қызмет көрсететін отандық IT компаниялар шақырылады.

Мақсаты: «El Úmiti» сандық платформасы» ақпараттық жүйесін жүзеге асыру. Қолданушылардың қашықтан білім алуына, өзін-өзі дамытуға, кәсіби машықтануына  мүмкіндік беретін ашық әрі қол жетімді ресурс әзірлеу.

Мүмкіндіктер:
Даму барысында қызметтер мен функционалды арттыра түсетін модульді архитектурасы бар бірыңғай ядро. Қызметтерді басқаратын конструктордың икемділігің арқасында әр жобаға арнайы талаптар қарастырылған.

Инклюзиясы бар қолданушылардың дамуына  арналған қосымша білім алатын орта әзірлеу.   
  

Міндеті:

  • Бір-бірімен байланысты түрлі жобаларды реттеу мүмкіндігі бар модульді жүйені құрастыру;
  • El Úmiti бастамасының бір-бірімен байланысты жобаларының негізінде тұтынушылар мен дарындардың бірыңғай реестрін қалыптастыру;
  • Тұтынушылардың жетістіктерін үнемі бақылап, іріктеу мүмкіндігін қамтамасыз ету.

Нәтижесінде барлық аймақ тұрғындарына бірдей қолжетімді, оқушылардың қабілеттерін анықтап, кәсіптік бағдар беретін қашықтықтан білім беру жүйесін құрылуы тиіс.    

Байқау тәртібімен сілтеме арқылы өтіп, танысуға болады.

Түсініктеме қалдыру