news-img

«Елбасы Медалі» жобасының қатысушысы, дарынды ауыл балаларына арналған IQanat инновациялық мектебінің болашақ оқушысы  бағдарлама туралы осындай пікірімен бөлісті. 

Данил Прескурел Б. Майлин ауданының Майский ауылында тұрады. Шығармашыл, өзіндік ерекшелігі бар дарынды жеткіншек әңгімелер мен эссе жазады, болашақта журналист болғысы келеді. Данил өткен жылы IQanat қоры ұйымдастырған олимпиадаға қатысып, ол жазған эссе ең жоғары -  жүз ұпайға бағаланған болатын. Тестілеу сынағынан да үздік танылып, білімін IQanat High School of Burabay үздік инновациялық метебінде жалғастыруға  мүмкіндік алды.

Данил Прескурел, оқуын әлі бастамаса да, ресми түрде мектептің еріктілер тізіміне қосылды.   Ол тоғызыншы сынып оқушыларына жаңа мектеп туралы ақпарат таратып, олимпиадаға қатысуға ниетті жаңа қатысушылармен тілдеседі. Жерлесіміз бұдан бөлек «Елбасы Медалі» жобасына да қатысуда. Ол қазір қола медалі деңгейінің тапсырмаларын орындау барысында.  

Ынта

– Данил, «Елбасы Медалі» жобасы туралы қайдан естідің?

– Досымнан естідім. Өзіңді дамытуға берілген тамаша мүмкіндікті пайдаланып, екеуіміз бірге қатысуға бел будық. Бағдарламаның басталған уақыт мен үшін сәтті болды. Пандемия салдарынан жастардың барлығы үйде отырған кез. Бос уақыт көп болды. Мен сол уақытты өзімді дамытуға жұмсауды жөн санадым.

– Неге сен қола медалін таңдадың? Әлде барлық кезеңнен өту қажет пе?

– Негізі барлық кезеңнен өткен жөн. Басында мен алтын медаль деңгейін таңдағанмын. Қатысушылардың көпшілгі де солай жасады деп ойлаймын. Бірақ менімен байланысқа шыққан тәлімгер, жобаны қола деңгейден бастап, барлық кезеңдерден өткен дұрыс деп кеңес берді.

– Деңгей тапсырмалары қандай?

– Жоба жаңадан басталғанда, әрқайсымызға тәлімгеріміз хабарласып қандай мақсат қоятынымызды, неден бастағымыз келетінін сұрады. Мысалы,  «Кітап оқуда» үш ай ішінде 900 бет оқуың қажет. Кітапты берілген тізімнен өзің таңдайсың.  «Ұлттық мұра» тақырыбында таңдау өз еркіңде. Жеке кабинетте есеп бересің. Тәлімгер оны не қабылдайды, не қайта өзіңе толықтыру үшін қайтарып береді. Медаль алу үшін барлық бес бағыт бойынша тапсырма орындауың қажет. Біз «Кітап оқу» мен «Дарындар» бағыттарынан бастадық.  Апта соңында жазбаша түрде немесе бейнежазба арқылы есеп беремін. Басқа бағыттарды кейінге қалдырдым. Пандемия жағдайы бұған кедергі болмайды деп үміттенемін.

Екі жақты пайда

– Бұл сен үшін хобби ме әлде жұмыс па?

– Әрине жұмыс. Хоббиден кез келген уақытта бас тартуға болады. Ал «Елбасы Медалі» жобасы ерік-жігеріңді жетілдіреді, табандылыққа үйретеді, сананы дамытады. Бұл бағдарлама маған не үшін қажет екенін жақсы түсінемін. Біріншіден, бұл бағдарлама менің неге жарайтынымды көрсетеді. Екіншіден, ол мені дамуға ынталандырады.  

– Бұл жоба кімге көбірек тиімді: қатысушыларға ма әлде мемлекет үшін бе?

– Бағдарлама мақсаты – қоғам мүшелеріңнің бәсекеге қабылетін арттыру. Мемлекет үшін бұл маңызды. Қатысушыларға да бұл жоба тиімді. Шыны керек, менің бұл жобаға келген себебім – жоғары оқу орнына түсу мүмкіндігімді арттыру. Демек бұл екі жаққа да тиімді шара: мемлекетке де, оның азаматтарына да.

– Жобаға қатысқаныңа бір ай болды. Не өзгеріс бар?

– Айтарлықтай өзгеріс жоқ. Мен бұрыннан кітап оқып, әңгімелер жазатынмын. Тек қазір бұл істі мен жүйелендірдім. Есеп беруім керек. Бағдарлама тәртіпке үйретеді. Бұл мен секілді ауыл балаларына өзің-өзі дамытуға тамаша мүмкіндік.

– Алтын медаль деңгейіне дейін жетесің бе?

– Қола медільді алайын. Сосын демалуым керек. Алдымда 11-ші сынып, жоғары оқу орнына түсуім керек. Жаңа жылдан кейін ҰБТ-ға назар аударып, емтиханға дайындалуым қажет.  Қола медаль «Алтын белгіге» тең. Демек, емтиханда екі оқушы бірдей ұпай жинаса, қола медаль иегерінің артықшылығы басым болмақ. Күміс медаль иегерінің мәртебесі одан да биік. Сондықтан, жоғары оқу орнына түссем, алтын медаль алуға ниетім бар.

Толығырақ: сілтеме 

Түсініктеме қалдыру
comments-author-avatar
Бұл барлық несие іздеушілерге, жеке инвесторларға, Philip Morgan Service компаниясының 2% -дық мөлшерлемемен несие беруді нақтылағаны туралы байыпты адамдарға рұқсат беретін арнайы хабарлама. Сіз қаржылық тұрғыдан қысылдыңыз ба, сізге жаңа шоғырландырылған бизнесті бастау үшін немесе бұрыннан бар бизнес үшін өте жылдам несие қажет, енді сіз үшін ұйқысыз түн болмайды, біздің компания арқылы бізбен байланысыңыз электрондық пошта мекен-жайы philipmorganloanservice00@gmail.com Тіркелу формасын толтырып, бізге осы электрондық пошта арқылы егжей-тегжейлі мәліметтермен бірге оралу ...
 
  Қарыз алушы туралы ақпарат
 
  Толық аты:___
  Жыныс:______
  Отбасы жағдайы:___
  Байланыс мекен-жайы: ___
  Қала / Индекс: ___
  Ел: __
  Туған кезі:____
  Несие ретінде қажет сома: ___
  Несиенің ұзақтығы: __
  Ай сайынғы табыс: ___
  Сабақ: ___
  Несиенің мақсаты: __
  Жарамды телефон нөмірі: __
  Факс: _