news-img

АЛМАТЫ. НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚОРЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ. 28.08.20 Бүгін «Конституциялық құндылықтар ғаламдық мәселелерге төтеп беру жолында қоғамды жұмылдырудың құқықтық негізі ретінде»  Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда қазақстандық қоғамының дамуындағы ҚР Конституциясының  рөлін баяндайтын кітап таныстырылды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған ауқымды конференцияның ұйымдастырушылары: Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, "Астана" халықаралық қаржы орталығы (АХҚО), Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университеті және Сорбонна-Қазақстан институты, Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесі, Д. А. Қонаев атындағы Еуразиялық Заң Академиясы.

Кездесу модераторы - Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары, Еуропа Кеңесі Венеция комиссиясының Қазақстан Республикасы атынан мүшесі, АХҚО құқық академиясы академиялық кеңесінің мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Кездесу модераторы - Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары, Еуропа Кеңесі Венеция комиссиясының Қазақстан Республикасы атынан мүшесі, АХҚО құқық академиясы академиялық кеңесінің мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Игорь Рогов.конференция жұмысын бастар алдында келесіні атап өтті:

-   Авторы  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев болатын Қазақстанның Негізгі заңы жалпыадамзаттық және ұлттық мұраттарды бейнелейді, қоғам мен мемлекет өмірінің әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени-гуманитарлық және басқа да салаларының сұраныстарына сәйкес келеді. Сондықтан барлық мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың, барлық азаматтардың басты міндеті Негізгі Заңның рухы мен әр-бір әрпін қатаң сақтау, ондағы конституциялық құндылықтарды нақты мазмұнмен толтыру.

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы, заң ғылымдарының докторы, профессор Қайрат Мәми; Қазақстан Республикасы Әділет министрі Марат Бекетаев; «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов; Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары Марғұлан Баймұхан; Француз Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Филипп Мартинэ; Елші, ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы Дьердь Сабо; Қазақстан Республикасындағы БҰҰ-ның жаһандық коммуникациялар департаментінің басшысы Властимил Самек; Қазақстан  Республикасындағы GIZ өкілдігінің басшысы Йорг Пуделька; Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Бас консулы Евгений Бобров; Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы бас консулы Аброр Фатхуллаев; Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Тақыр Балықбаев конференция қатысушыларын Конституция күнімен құттықтап, сөз сөйледі.

Қайрат Мәми өз сөзінде Ата Заңда көрсетілген құндылықтар қоғам мен мемлекеттің мәнін, оның мызғымас қағидаттары мен құраушы институттарын айқындайтынын атап өтті.

Негізгі Заңның кезекті жылдығы – бұл өткен жолды түсіну, қол жеткен жетістіктерді бағалау және болашаққа бағдарларды айқындау үшін жақсы себеп. Уақыт елдің конституциялық дамуының таңдалған моделінің тиімділігін көрсетті. Сонымен қатар, қарқынды өзгеріп жатқан әлем жағдайында конституциялық құндылықтар ерекше назар аударуды және қорғауды талап етеді, — деп толықтырды сөзін Конституциялық Кеңес басшысы.

Айта кетейік, бұл конференция жарқын практикалық сипатқа ие болды. Қазақстандық және шетелдік құқықтанушы ғалымдар ғылыми баяндамалардың бай бағдарламасымен ұсынды. Спикерлер өз еңбектерінде Конституцияның қазақстандық қоғамды дамытудағы орасан зор рөлін атап өтті.

- Конституция - бұл тікелей әрекет ететін құжат, сондықтан халыққа (әсіресе жас ұрпаққа) түсіндіру ғана емес, сонымен қатар азаматтардың өз құқықтарын білу, ең бастысы өз құқықтарын қалай іске асыру керектігін білу өте маңызды. Біз Еріктілік қозғалысының өкілдері ретінде Еріктілік қызметті жалпы еңбек өтіліне есептеуді, сондай-ақ ЖОО-ға түсу кезінде еріктілер үшін адалдық бағдарламасын құру мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз, - деді Сорбонна-Қазақстан Институтының директоры. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, «Ізгілік акселераторы: Izgilik elshisi» Ұлттық еріктілер қозғалысының жетекшісі, заң ғылымдарының докторы, профессор Айнұр Сәбитова.

Ғалымдардың еңбектерінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1995 жылғы Конституцияның басты авторы ретіндегі қазақстандық мемлекеттілікті қалыптастыруға қосқан үлесін ұғыну ерекше орын алды. Қазақстан Республикасының Конституциясы, ғалымдардың пікірінше, бұл демократияның, егемендіктің және Қазақстанның Тұңғыш Президенті бастаған жаңа елдің тұрақты дамуының тірегі.

Конференция барысында орын алған маңызды оқиға  - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңес шығарған «Қазақстан жолы: конституционализм, адам, бейбітшілік және өркендеу» кітабының тұсаукесері. Кітапта қазіргі заманғы қазақстандық мемлекеттілікті құрудағы, елдегі демократия стандарттарын, құқық үстемдігі мен конституционализм қағидаттарын бекіту процестеріндегі Қазақстан Республикасы Конституциясының рөлі мен маңызы  шетелдік мамандардың бағалауы арқылы көрсетілетін мақалалар бар.

Кітап авторлары құқық саласындағы 30-дан астам сарапшы, құқықтанушы ғалымдар, практиктер, әртүрлі елдердің мемлекет және қоғам қайраткерлері, олардың ішінде Корольдік адвокат, 3 Verulam Buildings Barristers (Лондон) жетекші адвокаты, АХҚО құқықтық консультативтік кеңесінің төрағасы Майкл Блэр, Грузияның бұрынғы Әділет министрі, Грузия Конституциялық сотының бұрынғы төрағасы, халықаралық сарапшы, заң ғылымдарының докторы, профессор Георгий Папуашвили, Орал мемлекеттік заң университетінің конституциялық құқық кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы Игорь Остапович бар.

Сарапшылар кездесуді қорытындылай келе, Қазақстан Республикасы Конституциясының арқасында елімізде қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған ауқымды әлеуметтік-экономикалық реформалар басталғанын атап өтті.

Конференция материалдары жақын арада Нұрсұлтан Назарбаев Қорының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Абай атындағы.ҚазҰПУ ресми порталдарында жарияланады.

 

 

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының
            Алматыдағы Өкілдігі
            PR-менеджер Артур Жұмашев
           e-mail
pr.zhumashev@gmail.com
           +7 708 960 56 13

Түсініктеме қалдыру